Өмірбаян

Пернебай Дүйсенбин

  • Пернебай Дүйсенбин

    Пернебай Дүйсенбин

 Пернебай Дүйсенбин 1943 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы бұрынғы Ленин ауылдық кеңесінде (қазіргі Жайылма ауылы) дүниеге келген. 1960 жылы мектеп бітірісімен еңбекке араласты. 1969 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Туған ауылында қазақ тілі мен әдебиеті, сурет пәндері бойынша мұғалім болды. 1973–1987 жылдары мектеп директорының орынбасары, 1987–1993 жылдары мектеп директоры, 1993–1997 жылдары мектеп психологы, 1997–1998 жылдары «Қаратау кеншісі» – «Горняк Қаратау» газетінде әдеби қызметкер, 1998–2004 жылдары «Қаратау» таукен байыту комбинаты ақпарат бюросының бастығы әрі жоғарыдағы газеттің редакторы, 2004–2007 жылдары Сарысу аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы болып қызмет еткен. Қазір «Ақ жол» газеті жанынан шығатын ғылымитанымдық «Алтын шырақ» журналының қызметкері.

«Жұлдыздар неге жылайды?» атты лирикалық повесі 1979 жылы «Жалын» журналында жарияланды. Сол жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Жалын» баспасы жариялаған республикалық жабық бәйгеде «Кішкентай генералдар» повесі үшінші орынды, 1994 жылы «Балауса» баспасы жариялаған жабық конкурста «Дәуреннің ойыншықтары» атты повесі екінші бәйгені иеленді. «Жалғыз салт атты», «Арманымның ақ құсы», «Дөңгеле, күн, дөңгеле», «Бастау» атты бәйге алған шығармалары алғашқы жинақтарда жарияланған. 1994 жылғы республикалық «Балауса» баспасының, 1996 жылғы «Парасат» журналының лауреаты. 1965 жылы жауынгерлік мерекелік медалімен, 1981 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 2001 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 1999–2007 жылдары Сарысу аудандық мәслихатының екі мәрте депутаты болып сайланған. Сарысу ауданының Құрметті азаматы.

Шығармалары: Жұмбақ жұлдыз. Повестер, әңгімелер. А., «Жалын», 1982; Кішкентай генералдар. Повестер жинағы. А., «Жалын», 1982; Күлкі күмбезі. Күлдіргі әңгімелер. М., «Саудакент», 1995; Шежірелі Сарысу. Тарихи танымдық том. Тараз. «Сенім», 2003; Ән салыңызшы, әке. Повестер мен әңгімелер. «Сенім», 2004; Елгезек ертегілер елінде. Повестер жинағы. Астана. «Балалар әдебиеті», 2004; Үркердей болып көшкен жұрт. Тарихи танымдық әдеби том. А., «Литера», 2007; Сарысунама. Тарихи танымдық том. А., «Литера», 2008; Тектінің тұяғы еді. «Сенім», 2008.




Көрілген: 3738    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.10.2014, 09:38

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31