Өмірбаян

Рустам Әнуарұлы Ыбырайымов


Рустам Әнуарұлы Ыбырайымов 1953 жылы 14 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1974) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша, РФ ІІМ Академиясын (1992) басқару ісін ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген. 1974 жылдан - Алматы қалалық ІІБ Ленин АІІБ экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы. 1977 жылдан - ҚазКСР ІІМ Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес басқармасының инспекторы. 1980 жылдан - ҚазКСР ІІМ Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес басқармасының АМІ жөніндегі аға инспекторы. 1982 жылдан - ҚазКСР ІІМ Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес басқармасының бөлімше бастығы, 1983 жылдан - бөлім бастығының орынбасары, 1984 жылдан - бөлім бастығы. 1986 жылдан - ҚазКСР ІІМ партия комитеті хатшысының босатылған орынбасары. 1988 жылдан - ҚазКСР, ҚР ІІМ Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары. 1992 жылдан - ҚР ІІМ Криминалдық милициясы Бас басқармасы бастығының орынбасары. 1993 жылдан - ҚР ІІМ Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі Бас басқармасының бастығы. 1996 жылдан - ҚР МТК Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі Бас басқармасының бастығы. 1997 жылдың қараша айынан - ҚР ІІМ Экономикалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, 1997 жылдың желтоқсан айынан - бастығы. 1998 жылдан - ҚР ІІМ Арнаулы полиция департаментінің бастығы. 1999 жылдан - «Интерпол» ҚР Ұлттық орталық бюросының бастығы. 2000 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2001 жылдан - ҚР Қаржы полициясы агенттігі төрағасының орынбасары, 2002 жылдан - бірінші орынбасары. 2004-2011 жылдары - ҚР ЭҚСЖҚКА (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылдан бастап Қаржы полициясының академиясының бастығы. Қаржы полициясының генерал-майоры.




Көрілген: 1110    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.05.2014, 17:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30