Өмірбаян

Сабыркүл Жайлаубекқызы Асанова


Сабыркүл Жайлаубекқызы Асанова 1944 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысының Мерке ауданында дүниеге келді. «Сымбат» сән бизнесі академиясының президенті-ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, өнертану доценті, техникалық ғылымдардың докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академияның мүше-корреспонденті, Жетісу ауданының құрметті азаматы.

 Мәскеу тоқыма институтының механика-технология факультетін бітірген (1969). Мәскеу «Трикотажница» фабрикасында инженер (1969-1972), Алматы қаласындағы «Алмагүл» фабрикасының бас инженері (1972-1984), «Қазақстан» фирмасының директоры (1984-1986), Қалалық туристік басқармасының бастығы (1986-1990), 1990 жылдан «Сымбат» сән академиясының президенті, ал 1998 жылдан «Сымбат» сән бизнес академиясының ректоры. Алғашқы халықаралық арулар байқауын,  ұлттық киімдердің жоғары сән конкурсын, жас модельерлер конкурсын, семинарлары мен ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырушы. Мемлекеттік рәміздерді: ҚР Мемлекеттік жалауы мен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке штандартын жасап, өндіріске енгізді, қазақ ұлттық киім үлгілерінің түлеуіне атсалысты, 80-нен астам еңбектердің авторы. Халықтар достығы орденімен, бірқатар медальдармен, халықаралық наградалармен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.




Көрілген: 3025    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2014, 15:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30