Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сәуле Бахыткерейқызы Кішкімбаева

25 мамыр 2015, 15:13

Сәуле Бахыткерейқызы Кішкімбаева 1968 жылы 26 мамырда дүниеге келген. 1991 жылы Алматы педагогикалық шетел тілдері институтын бітіріп, «ағылшын және француз тілдерінің оқытушысы» мамандығын алды. Банк жүйесінде 1994 жылдан бері істейді. «Қазақстан АБН АМРО Банкі» АҚ ЕБ-де кредит тәуекелдері басқармасында маман, бас маман, басқарма бастығы (1994-2000 жылдары), жеке тұлғалармен жұмыс істеу басқармасында менеджер, басқарма бастығы (2000-2003 жылдары), операциялық басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы (2003-2005 жылдары) болып істеді. 2005 жылдың ақпан айынан 2009 жылдың ақпан айына дейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да №2 корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директоры болып істеді. 2009 жылдың ақпан айынан бастап Халық банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.