Серік Тілеулесұлы Шаңғұтов

19 мамыр 2014, 17:10

Серік Тілеулесұлы Шаңғұтов 1953 жылы 20 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Жылан бекетінде дүниеге келген. Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетін (1975) физика, математика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша; Алматы халық шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын жоспарлау факультетін (1985) экономист мамандығы бойынша; ҚМЭБИ (1993) саясаттанушы, жоғары және орта оқу орындарында әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2005). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Ақтөбе облысындағы қой шаруашылығының тиімділігі». «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).
1970 жылдан - Ақтөбе облысының Шалқар 50-жол бөлігі қашықтық жолдарының жөндеушісі. 1971 жылдан - Ақтөбе педагогикалық институтының студенті. 1975 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы №456 орта мектептің математика мұғалімі. 1976 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1977 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы №49 орта мектептің математика мұғалімі. 1978 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық комсомол комитетінің хатшысы. 1982 жылдан - бірінші хатшысы. 1984 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Уркачевский» кеңшарында партия комитетінің хатшысы. 1986 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық партия комитетінің хатшысы. 1991 жылдан - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1992 жылдан - «Жұрын» кеңшарының директоры (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы). 1994 жылдан - «Жұрын» АҚ президенті (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы). 2002 жылдан - «Құмжарған» ЖШС директоры (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы). 2006 жылдың қаңтарынан бері - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі.
Мұғалжар аудандық Халық депутаттары кеңесінің, Мұғалжар аудандық мәслихатының (1982-2003); Ақтөбе облыстық мәслихатының (2003-2006) депутаты. «Құрмет» орденімен (2010); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Тыңға 50 жыл» (2005), «Шапағат» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «ҚР Мемлекеттік қызметі жөніндегі агенттікке 10 жыл» (2008) белгісімен марапатталған. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009).