Шолпан Батырқызы Қыдырниязова

05 мамыр 2014, 16:57

Шолпан Батырқызы Қыдырниязова 1949 жылы 6 мамырда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылында дүние келген. Айтыс ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1980). Алғаш рет 17 жасында айтысқа түскен. 1971 жылы Орал педогогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1980 жылы Қазақ КСР-інің 60 жылдық тойында белгілі халық ақыны Манап Көкеновпен сайысқа түсіп, 1-орынды жеңіп алды. Қаратөбе ауданында Шолпанның ақындық тәжірибесінен сабақ алған жас ақындар тобы қалыптасты.