Тұрсын Хафизұлы Ғабитов

19 қараша 2014, 16:34

Тұрсын Хафизұлы Ғабитов 1947 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Биғаш ауылында дүниеге келген. 1971 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) тәмамдаған. Философия ғылымының докторы (1997). 1971-1979 жылдары ҚазҰУ-да ассистент, 1979-1983 жылдары осы университетте оқытушы, 1983-1991 жылдары доцент, 1991-1995 жылдары кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1998 жылдан профессор Ғабитов 28 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы.