Баяғыда, өткен ғасырдың сексен тоғызыншы жылы болса керек, бiздiң ауылға балмұздақ келдi. Аяз кәрiне мiнiп тұрған қаңтар айында. Кiлең қазақтар тұратын ауылда чукча деген атымен жоқ болатын. Онда неге қыста балмұздақ сатылды дерсiз. Себебi жазда жеткiзу мүмкiн емес болған. Ерiп кетедi емес пе. Ал қыста қатқан күйi баратын. Бiз сол балмұздақты қатып-семiп тұрып жеушi едiк. Балмұздақ болғанда сол баяғы стаканчик қой. Стаканы картон қағаз. Сол жылы жазда Алматыға келдiм. Осы қалада тұратын бөле әпкем балмұздақ әпердi. Стаканчик. Бiрақ, бұның стақаны картон қағаз емес, вафли екен. Ондайды көрмеген басым бөлемнiң бетiне жәудiреп қарап: - Тәте, челегiмен жей берейiн бе?..-деппiн ғой. Мамбет десе. Содан берi неше челек балмұздақ жедiк екен? Ал, балаларым бұны жақтырмайды. Арзан дейдi.
facebook.com парақшасынан