18+: КӨРІНГЕН ТЕСІККЕ СҰҒА БЕРЕТІН БОЛСАҢ...

28 қыркүйек 2021, 11:25

Мен болашақ ФАРМАЦЕВТПІН. Қазір кәдімгі студентпін. Колледжде. 2-курс.

 

Кәдімгідей оқимыз. Сырттай деген жоқ. Күн сайын сабақ. Рецепт жазу, оқу, генетика, ДНК, РНК, фармация тарихы... Кайф сабақтар. Әсіресе, анатомия мен физиология сабағы керемет!

 

Няғып бастан медицинаға кетпегем деймін да... Бірден Андролог болар ем. Еркектерді шұқып жүресің, соооол. Сержан Абдешев те жүр ғой әйелдерді "нетіп".

 

Венеролог болсам ба деп бір ойлап едім, өз ойымнан өзім шошып кеттім. Қазақтың тұқымын құртып жіберсем тағы, "Ие бола алмасаң, көрінген тесікке сұға беретін болсаң, одан да кесіп тастай салайық... " деп жүрсем масқара ғой.

 

Әзірге, студентпін. Болашақ ФАРМАЦЕВТПІН. Болашақтың болашағында "Педиатр" болатын шығармын.

 

100 жасасам, қазақтың баласын сауықтыруға 55 жыл еңбек етеді екем ғой))).

 

 

 

Сандуғаш Шортанова

Фейсбуктегі парақшасынан