Өмір-юмор!

А, сен де әлгі өкіметке сөз сатқан қу болдың ғой...

  • А, сен де әлгі өкіметке сөз сатқан қу болдың ғой...

    А, сен де әлгі өкіметке сөз сатқан қу болдың ғой...

«ӨКІМЕТКЕ СӨЗ САТҚАН...»

Бірінші курстан кейін жер-жерден фольклор жинап келу тапсырылды. Ауылға келіп, шөп шауып болып, біраз вешірді «түгендегесін» тапсырма есіме түсіп, әкеммен ақылдастым. «Бақыт ағаға барайық!» — деді ол. Бақыт — біздің ауылдағы ең беделді адамдардың бірі еді. Ата тегін сұрасаң «шынжыр балақ, шұбар төс» дейтіннің нағыз өзі. Әкесі кәмпеске басталғанда Ақтөбеден қалың жылқысы мен түйесін айдап, Түрікпен даласына ауған байдың бірі. Өзінің біздің Қоңыратқа көшіп келгендегі дәулетін де жұрт аңыз ғып айтатын. Түрікпеннің қалы кілемдері әйелдердің көзінің құрты болса, сол үйден үзілмейтін мол шұбат қариялардың әңгімесінің әрін келтіретін.
Жә, байлық аса «модада» болмаған заман ғой, Бақыттың атын шығарған — тілі еді. Ескі қисса-дастандарды көп білетін ол әңгіменің майын тамызатын. Бірқақпайлардың да шебері еді. Біреуге арнап шығарған өлеңі ертеңіне күллі ауылдың аузында жүретін. Әкімқаралар ол жүрген жерден бойын аулақ салуға тырысатын. Тілі уытты одан «саясаткер» шалдар да айылын жиятын. Ірі сөйлеп, ірі турайтын Бақыт құсы түскен адамды сөзбен жерге тығып жіберуші еді.
Міне, сол ақсақалдың үйіне беттеп келеміз. Біз келгенде үй іші кешкі шайға отырып жатыр екен. «Ассалаумағалейкум» — деп амандаса кірген әкемнің сәлемін үй иесі ықыластана алды.
— Ай, Бабажан, жиі келе бермейтін ең, қазан көтерсін, — деді қария біраз аман-саулық сұрасып, шай ішкесін.
— Жоқ, аға, бір шаруамен келіп ем.
— Ал ендеше, шаруаңды айт.
— Мына бала ағамның әңгімесін тыңдаймын деп...
Бәкең маған бұрылды:
— Бұл қай бала?
— Алматыда, КазГУ-де оқып жатқан балам ғой. Әкем сәл мақтанышпен айтқандай көрінді маған.
— А, бәрекелде, бәрекелде, оқыған дұрыс. — Ал бала, — Бақыт маған шаншыла қарады, — саған қандай әңгіме керек?
— Ескі әңгімелер болса... Сізді Кердері Әбубәкірдің жырларын көп біледі дейді... Қумолда жырау туралы айтсаңыз... Құдайберген жырау...Үйдей боп отырған шалдың пысы басты ма, тамағым құрғап, сөзімнің басы құралмай кетті.
— Оның бәрін не істейсің сонда?
— Оқытушыларға тапсырамыз... — дедім тұтығыңқырап. Кенет басыма бір ой келе қалды. — Газетке жариялаймыз! — дедім сосын. Ниетім шалды қызықтыру еді. Ақсақал мырс етті:
— А, сен де әлгі өкіметке сөз сатқан қу болдың ғой...
Ал, «өкіметке сөз сатқан қулар», мерекеміз құтты болсын!)))


Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 7199    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 10:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан 2021
    Бәукеш алған бас бәйге
    8 Желтоқсан 2021
    Ал өлмей қалсаң ше?
    27 Қараша 2021
    Оқтау тақтай
    27 Қазан 2021
    ТОҚАЛ
    22 Қыркүйек 2021
    Қорқамын әйелдерден
    14 Қыркүйек 2021
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек 2021
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз 2021
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір 2021
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз 2021
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз 2021
    ТАСБАҚА ҰША МА?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31