Өмір-юмор!

ӘКЕСІНЕ ҚАТЫН ІЗДЕГЕН БАЛА

  • ӘКЕСІНЕ ҚАТЫН ІЗДЕГЕН БАЛА

    ӘКЕСІНЕ ҚАТЫН ІЗДЕГЕН БАЛА

Кеше Дәурен екеуміз телефондасып, біраз сөйлестік. Өткен-кеткенді еске алдық. Сосын бүгінгі күнге ауыстық. Ұлы Ғалымжан үйленуге талап қылып жүр екен.
...Ғалымжан мектеп табалдырығын Ақтөбеде аттаған. Отбасым Алматыдан әлі көшіп келе қоймаған мен ол кезде Дәурендермен бірге тұратынмын. Бұған дейін ата-әжесінің қолында, таудағы үйде тұрған, етектегі ауылға да бірер рет қана түскен Ғалымжанға қала өмірі өте ауыр тиді. Абай мен Ілиястың өлеңдерін жатқа соғатын, мақалдатып, түйдек-түйдек сөйлейтін оның қабағы біз жұмыстан келгенде ғана ашылатын. Ол сөйлеп кеткенде біздің аузымыз ашылатын. Құдды алты жастағы... "ақсақал". Тұспалдап, астарлап сөйлейді. Айтпақшы, бұл кісінің тілдік қорында әйел деген сөз жоқ - "қатын". "Есіктің алдында бір қатын орысша сөйлеп ұрысты", "дүкендегі қатын былай деді..." т.б. Сірә, атасы солай сөйлейтін болса керек.
...Үйме табақ етті соғып алған Дәурен екеуміз көңілденіп, әңгіме айтып отырмыз. Күні бойы ешкімді көрмей, әбден іші пысқан Сандуғаш сыңғырлай күліп, біздің әңгімемізге жиі араласады. Бір кезде төрде отырған Ғалымжан кішкентай жұдырығымен үстелді қойып қалсын:
- Әй, қатын деген байы сөйлеп жатқанда, сөзін бөлмей, өз ісімен айналыспай ма екен, а?
Сасып қалдық. Дәурен екеуміз төмен қарап мырс еттік. Сандуғаш шәйнекті іле салып, ас бөлмеге жөнелді. Ғалекең екеумізге кезек-кезек қарайды. Сірә, "қатынды басына шығарған" әкесі мен оған қосыла жырқылдап отырған маған ызасы келіп отыр.
- Ғалеке, - дедім мен дереу ес жиып, - Өте дұрыс істедің. Анда-санда бетінен қағып қоймасаң, бұл әйел... то есть, қатын деген өте қиын халық...
Алты жастағы... "ақсақал" үндер емес. Ашуға булығып, тығылып отыр.
- Мәселе былай, - дедім сосын әрі қарай отқа май құя түсіп. - Сенің шешең аса жақсы адам емес. Ылғи әңгімеге араласады да отырады. Сондықтан сен екеуміз әкеңе дұрыс әй..., ммм, қатын алып беруіміз керек. Келістік пе?
- Келістік, - деді Ғалекең шайын ысытып әкеліп қойып жатқан шешесіне оқты көзін қадап.
Сонымен бұл әңгіме ұмытылған. Жо-жоқ, мен екен ұмытқан. Ғалымжанның есінде екен. Бір күні Сәтжанның үйінде қонақта отырсақ, ымдап, мені шақырады. Шықтым. Көңілді.
- Бауыржан аға, таптым.
- Не таптың?
- Қатын.
- Қатыны несі?
- Өй, сіз де бір. Жүріңіз. Балконға қарай сүйрей жөнелді. Шықсақ, Ақтөбедегі журналист қыздардың бірі тұр. Күле-күле, көзінен жас ағып кеткен. Біз шыққанда ішін басып отыра кетті. Енді қайтсін, кіп-кішкентай мұрынбоқ оңаша алып шығып: "Сіз менің әкеме қатын боласыз ба?" - деп сөз салса)))
...Міне, сол Ғалекең әкесінен қайран болмағасын, өзі үйленуге бел буыпты))). Бәрекелде, Алла құп көріп, өсіп-өнуді нәсіп еткей.

12.03.2020 ж.

Бауыржан Бабажанулы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3870    Пікірлер: 0

жұма, 12.03.2021, 10:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан 2021
    Бәукеш алған бас бәйге
    8 Желтоқсан 2021
    Ал өлмей қалсаң ше?
    27 Қараша 2021
    Оқтау тақтай
    27 Қазан 2021
    ТОҚАЛ
    22 Қыркүйек 2021
    Қорқамын әйелдерден
    14 Қыркүйек 2021
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек 2021
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз 2021
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір 2021
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз 2021
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз 2021
    ТАСБАҚА ҰША МА?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31