Әлихан деген құрдасым бар, мұғалім. Өзі красавчик, өте жас көрінеді. Біз сияқты тозып кетпеген))
Өзінен екі жас үлкендігі бар келіншегі бесінші баласынан соң семіріп, нән қатын болып кетті.
Жақында Әлихан дүкен аралап әйелін ертіп шығады ғой. Мұғалім адам әдетінше сыптай киініп алған, семіз әйелінің үстінде кең плащ. Киім дүкеніне келіп, көктем ғой, өзіне әдемі туфли қарайды. Бірнешеуін киіп көреді. Әйелінің көзіне бір туфли шынымен әдемі көрінді ме, әлде бағасы арзандау ма, осыны ал, жарасып тұр деп қоймайтын ұқсайды. Әлекеңе ұнамай тұр. Шыдамай:
- Қойшы, түк ұнамай тұр, басқа дүкенге барайықшы, -деп жатса дүкенші келген клиенттен айырылғысы келмей:
- Ойбай, құйып қойғандай ғой. Басқа дүкендерде қымбат, мен арзан беріп тұрмын. Ала бер балам, мамаң біліп тұр, маманың айтқанын тыңдау керек, -деп картопты жарады ғой))
Келіншегі топылиды еденге бір ұрып, дүкеннен шығып кетеді. Артынан топыли да жоқ, көңіл-күй де жоқ сүмірейіп Әлекең шығады.
Таз ашуын тырнаудан алады деуші ме еді, үйіне барған соң да әйелі Әлекеңе тиісіп, мен айтқанда үндемей ала берсең осы сөзді естімейтін едім, бәрі сенен болды,- деп тағы біразға дейін басылмапты)
Естіген кезде бір күліп алсам да, досыма не ақыл айтарымды білмедім. Әйеліңді фитнеске апар дейін бе?))
Өмір ғой..
Ала бер балам, маманың айтқанын тыңдау керек, - деп картопты жарады ғой
31 наурыз 2022, 12:33
