Әлгі ақын қыз ақындықты тастап, депутат болыпты

23 ақпан 2022, 01:20

Ертегі.
Баяғыда ай десе аузы, күн десе көзі, марс десе мұрыны бар ақын қыз өмір сүріпті. Күндердің күні өз елінен шыққан бас ақынның ауылына тәу етуге барыпты. Әлгі ауылдан ешкім күтіп алмапты. Не әкімі, не директоры жоқ. Шай іш деген біреуі жоқ, оқушылармен кездесу өткізіп, аш қайтыпты. Келдің, кеттің деген ешкім жоқ.
Содан әлгі ақын қыз ақындықты тастап, депутат болыпты. Содан әлгі ауылға тағы барыпты. Сөйтсе, құдай самасын әлгілер иіліп көрпе, жайылып жастық, хан көтеріп күтіпті. Әкімі де, директоры да құрақ ұшып жүр. Оны көрген сол ауылдың жас балалары ақындыққа деген көзқарасы күрт өзгеріпті. Барлығы бастық, депутат болғысы кепті.
Тек сол ауылдан шыққан бас ақынның ескерткіші "ехххх " деп бір күрсініп, басын шайқапты.

facebook.com парақшасынан