АЛТЫН БАЛЫҚ ҰСТАП АЛДЫҢ БА?

АЛТЫН БАЛЫҚ ҰСТАП АЛДЫҢ БА?

Бірнеше күн болды мәһр тақырыбы толастамады ғой)) Осы күні оңтүстікте тұратын бір курстасымыз үйленіп, мешітте неке қидырды. Дәулетхан мен келіншегі - куә. Қалыңдық кішкене еркелеу еді, содан молда "Мәһрге не қалайсыз?" деп сұрайды ғой. - Ол не? - дейді қалыңдық. Молдекең тұрмысқа шығарда күйеуінен бір қымбат сыйлық алуға хақысы барын, айтылған затты міндетті түрде алып беретінін түсіндіреді. Содан қалыңдық қалың ойға кетеді.
- М-м-м, - дейді бір кезде. - Алтын сақина алып берсін?!
Молдекең жақсы деп рәсімді жалғастырмақ болғанда қалыңдық тағы селт еткізеді.
- Жо-жоқ, маған алтын алқа керек...
Жиналғандар бір-біріне қарасады. Жақсы деп молдекең ауыз жиып болғанша қалыңдық:
- Жо, алқа керек емес... деп шекесін сығымдап ойланады. Ойланып алсын деп молда күткен соң бәрі тым-тырыс күйі қалыңдыққа қарап отырады. Сол кезде жігіті шыдамапты: Әй, шшш... болсай, алтын балық ұстап алғандай болып отырсың ғой! - деп дүңк ете түсіпті. Некеге жиылған жұрт қырыла күлген екен.
Сол айтпақшы кейде алтын балық ұстап алғандай тілек айтатын болған екен қалыңдықтар)) Мәселе мәһрде емес, бірлесе бақытты бола білуде шығар. Сол курстасымыз, сол келіншегімен бақытты-баянды ғұмыр кешіп, ұрпақ өсіріп отыр. Сақина да, алқа да бар...

 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста