Анау бір тұтам шләнгімен қалай тамақ жейді?

23 маусым 2022, 17:17

Тыр жалаңаш адамды алғаш көрген піл:
- О, сорлы, анау бір тұтам шләнгімен қалай тамақ жейді? - деп таң қалып, жаны ашыған екен.
Біздің түйені түгімен, мәшинені жүгімен жұтатын жалмауыз екенімізді қайдан білсін.
Жалпы, осы жануарлардың біз жайлы ойы жақсы. Біз ғой оларды тек жеу үшін жасы көреміз. Олар шынымен "ДОС" екен деп ойлайды.
Ал, біздің өздеріміз жайлы пікіріміз хайуаннан жаман! Уот тәк!
Асқар Наймантаев