Өмір-юмор!

АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС

  • АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС

    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС

Біздің әйел барып тұрған еріншек қой, адам жұмсағыш, "мынаны апаршы","ананы алып келші" деп,алдынан кім шықса соны жүгіртіп жібереді.Ебін тауып қайнағасын да жұмсайды. Бүгін таң атпай мені дірдектетіп дүкенге қуды. Тауықтың отыз жұмыртқасын сатып алып үйге кіре бергенімде, босағада аузымен дөңгелетіп үрлеп отырған жүгірмектің шары тарс етіп жарылды.Оқыс дыбыстан селк етіп шалқамнан құладым. Шешем өте қорқақ адам еді, "ойбай,бомба түсті"-деп сыртқа тұра жүгірді. Ол Арыс қаласында әскери қойма жарылғалы қатты дыбыс шықса ауылдың шетінен бір шығады.Жан ұшырып айқайлап бара жатқан шешеме тағы бес-алты кемпір қосылып бірге қашты.Ал,сол мезетте менің қолымдағы жұмыртқалар жан-жаққа бытырап ұшты.Тура, Жамбыл облысының қару-жарақ қоймасындағы өрттен кейін жанып ұшқан снарядтар сияқты әр жерге тарс-тарс етіп жарылып қалды. Бір жұмыртқа адам жұмсағыштың басына тиді. Мұны көріп қатын ашуға булықты.
-Немене,қолыңа "бәленшеңді" ұстап тұрсың ба?-деді.Өмірі ашуланбайтын едім осы жолы шыдамым таусылды.
-Не?-дедім.
-Ұстаған заттың бәрін жарасың-деп,әйелім қырғидай шүйлікті.
-Неңді жардым,төбеңді ойдым ба?
-Осы сен сияқтылар әлемді жарып жатыр.Енді бір күні жүрегімді жаратын шығарсың. Оттасқанымызға отыз жыл болды.Бұл үйде жармаған түгің қалмады. Жұрттың байлары біреудікін жарады-дейді.
-Аузымды қыздырма мен жарылғыш террорист, не жанкешті емеспін...
Әйелім ананы-мынаны жардың деп жатқанда ауылдан беріп жіберген "боклашкадағы" бес литр шұбат күннің ыстығынан ашып гүрс етіп атылды. Жойқын жарылыс болды. Ас үйдегі ыдыс-аяқтар жан-жаққа ұшты. Кесе-құман сынды Қатын талып қалды.Қолына ұстап тұрған құлаштай қарбыз былш етіп жерге жарылды.Еденге төгілген тегін шұбатты ала мысық тілімен жалап тұр. Ауылды екі айналып үрейі басылып, үйге енді кіріп келе жатқан шешем ойбайлап есік алдына құлай кетті.Осы көріністерді тамашалап тұрған көршінің ойын балалары күлкіден жарылды.Құлап жатып жығылғанға менде күлдім.
-Күмірә болғыр,мұның несі күлкілі-деп әйелім басын көтерді.
Білмеймін,соңғы кездері біздің үйде жарылыс бітпейді.
facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 4186    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.08.2021, 23:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан 2021
    Бәукеш алған бас бәйге
    8 Желтоқсан 2021
    Ал өлмей қалсаң ше?
    27 Қараша 2021
    Оқтау тақтай
    27 Қазан 2021
    ТОҚАЛ
    22 Қыркүйек 2021
    Қорқамын әйелдерден
    14 Қыркүйек 2021
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек 2021
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз 2021
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір 2021
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз 2021
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз 2021
    ТАСБАҚА ҰША МА?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31