Атаның бірінші әйелін көрдік

23 маусым 2022, 16:40

Біздің әкей әзілге келгенде ешкімге есе жібермейді ғой. Сескенетін екі-ақ адамы бар. Қатираш құрдасы мен Ләззәт балдызы ғана. Құрдасы кеше күйрете соққы беріпті. Оқиға былай болған.
Ағамның екі ұлы автобуспен біз жаққа шығады. Жолай Қатираш апамыз да сол автобусқа мінеді. Екі ұлды көреді де “Әй, сендер Мұқатайдың немересі емессіңдер ме осы” деп сұрайды. Екі бала “иә, атамыз ғой, танисыз ба” дейді таңырқай.
“Танығандарың не? Аталарыңның бірінші қатынымын” деп қойып қалған. Өзі қатты сөйлейтін адам, әлгі жерде бүкіл автобус күлген) Содан екі бала жерден жеті қоян тапқандай үйге жүгіріп келген “Атаның бірінші әйелін көрдік” деп )
Енді қарымта жауап қалай болар екен)

facebook.com