Әй, әлгіні барып көріп қайтпадық па

06 желтоқсан 2021, 11:06

Әйелдердің үйге бір зат алдыру өнеріне таң қалмай көр.
Басында бағасын естіп шок боласың.
– Қой ей ондай ақша жоқ қазір, баланың оқуы бар, қымбатшылық болса мынау, қой айналайын, дейсің ғой басында.
Содан ақырындап құлағыңды үйрете бастайды екен ғой бұ кісілер...
– Пәленшелер алыпты, олар вәбще қымбатын алған ғой, бізге сәл простойы да болар еді.

– Негізі рассрочкаға береді екен, ай сайын осындай ақ шығып тұр...
Осындай сөздерді күн сайын ести берсең әлгі бағаға бойың үйреніп арзан сияқты сезіле бастайды екен.

Бір күні өзің-ақ айтады екенсің, "Әй, әлгіні барып көріп қайтпадық па..."

facebook.com