ӘЙЕЛІМ ҚАЙТ ДЕП ЖАТЫР, УФ!
Жолда болған оқиға
 
Ауылдан қалаға жолға шықтым.  Таксиге жолаушылар жиналып ауданнан шықтық.  Таксист жол ақысын сұрай бастады.  Қасымдағы аға телефонын жоғалтып алғанын айтып,  таксисттен телефон сұрады:
 
- Қызым каспийге жібереді саған,  звондап айтайыншы,  - деп.
 
Қасында отырған мен телефонымды бердім,  аға таксиге мінгенін айтты. Ақшаны әр жақтан бірден жібере салмады. Содан "мен бере салайын, алаңдамаңыз жібереді ғой"  ,  - дедім.
 
Аға мазасыздау екен,  қайта-қайта алаңдап отырды. 
 
Бір уақытта маған бір тәте басқа нөмірден звондады.  Ағаны іздепті.  Аға телефонмен сөйлесіп болған соң: 
 
- Ана жерден тоқтай сал, мен кері қайтамын,-деді. Біз аң-таң. Не болғанын сұрап жатыр таксист. Аға қалтасынан ақша алып шығып жолдың ақшасын берді.
 
Қалтасынан біраз ақша алып шықты.  Маған қарап күлді:  Аналар төлеймін деген соң,- деп.)
 
Сосын не болғанын айтты:
 
Екі күн бойы телефонын,  карточкасын жоғалтып алыпты. " Карточка ішінде 500 мыңға жуық ақша бар еді,  соны қалаға восстановить етуге бара жатқанмын,  сотканы қойшы нөміріне обал"- дейді дауысында діріл бар " Уф-уф" деп. 
 
-Жақсы болды ғой,  әйелім тығып қойыпты бәрін.  Екі күн уайымдап, жүрегім ауырып ұйықтамадым,- деп аға қайта-қайта уфілей берді қуаныштан. 
 
"-Үйдің бір жерінде  шығар"  десем де "-Сен жоғалттың деп қоймай қойды ғой, бүгін шыдамай қалаға шығып кеткен едім,  қайт деп жатыр,  уф!" 
 
-Келін маған "білмеймін"  деді ғой,  қазір барып келініме ренжимін.  Бауырым,  мына жерден тоқтай салшы,  жақсылап тамақ ішіп алайын,  екі күн болды уайымнан тамақ ішпедім.«Жолдың ақшасы садақа,садақа» дей берді)
 
Ағаның рас зәресі ұшқаны көрініп тұр. "Бұл түрмен Әйел ұрмай-соқпай күйеуін ана жаққа жөнелте сала алады екен ғой",- деп таңқалдым бүгін.
 
 
 
Керім Аянқызы