Айнұрдікі ғой негізі, бірақ Айнұрдыкі емес та...

19 ақпан 2022, 02:40

Сақалдылар дүкеніне кіріп,  сақалы сапсиып тұрған жігітке салған жерден:

 

Айнұрдың колбасасын беріңізші десем,

 

Айнұрдың колбасасы бар ма не?-деп аң -таң. 

 

-Жоғеей Айнұрдың колбасасы болғанда прям енді Айнұрдың колбасасы емес, Айнұрдікі ғой негізі, бірақ Айнұрдыкі емес та. Ой не болып кетті, не ғой әлгі, сыртында қыздың суреті бар колбаса ше, халал колбаса дейді ғой әйтеуір?

 

Сөйдемейсіз бе-деп сразу тауып берді. Айнұр емес "Айдың Нұры"  екен ғой оказывается.

 

Кімнің ойы тёмныйға кеткені бір Аллаға аян)

 

 

 

Салтанат Абылбекова

ФБ парақшасынан