Өмір-юмор!

Баааәқ еткізбей, баяғыдан осылай етсе, мен де сары майдай ерімес пе едім?

  • Баааәқ еткізбей, баяғыдан осылай етсе, мен де сары майдай ерімес пе едім?

    Баааәқ еткізбей, баяғыдан осылай етсе, мен де сары майдай ерімес пе едім?

Түнгі сағат 3-тің кезінде ұялы телефонымды шұқылап, әл-желіде саясаттан сапырғандар мен болашағымыз жайлы аз-кем болжамдарды оқып жатқанмын.
Байқаймын жанымдағы отағасы да, ары-бері аунап, дөңбекшіп жатыр . Соған қарағанда шешілімей жүрген бір уайымы бар секілді. Құдай қосқан қосағы емеспін бе?
Оятып алып не болғанын сұрадым.
Орнынан тіктеліп отырған ол, жүрек тұсын ұстап, терең күрсініп алды.
– Бір нәрсе айтсам ренжімейсің бе?
Не айтатынын білгім келіп өліп бар жатқан мен, ренжімеуге уәде бердім.
Әнгімесін әріден бастады.
– Сен елдің жағдайына алаңдайтын қызсың ғой иә.
– Иә
Халық саны аз. Оны өзің де білесің. Демографияны өсіру керек! "Балалы үй базар" деген. Ертең қартайғанда әр балаңның үйіне қыдырып, бақыттан басың айналады әлі. Сол үшін айналайын Сәке бір беткейлікті қойып, мен айтқанда "жоқ" демеуің керек.
Что он намекает? Нечего себя. Рұқсат сұрайтын болған ба? Әлде білікті "Кексепсихологтан" дәріс алды ма екен? Баааәқ еткізбей, баяғыдан осылай етсе, мен де сары майдай ерімес пе едім?
Оның бүгінгі сөзбен сындыру әдісі ұнап қалды. Жүрегім жылып, енді "жоқ" демеуге іштей серт бердім.
"Бастасай "деймін үздігіп.
– Ммм то-то-то-қал алып бересің бе?
– Ааә Шолпан!!!
Маздаған отты, су сепкендей етті-ау.
– Ала бер! Ата-бабамыз төрт қатынға дейін алған. Олардан бір жерің кем бе? Өзім тойыңда қызмет ететін боламын!
Әкел шүйкебасыңды!.
Сөзім кекесіндеу көрінді ме "Ұйқыташы" деп көрпесін тас бүркеп теріс қарап жатып алды.
Таң атып, түс болды. Демографистымыз әлі ұйқыда. Жаным ашып кетсеші.
– Тұрсаңшы! Сен тоқылдап жүргенде елбасы ауысып кетпесін.
Үнсіз.
Назданып жатыр.
Туа бітті қолым ашық, көңілі дарқан жан едім, арман еткен тоқалын алып берейін деп шештім.
Тойға келіңіздер!


Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4704    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.03.2021, 02:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан 2021
    Бәукеш алған бас бәйге
    8 Желтоқсан 2021
    Ал өлмей қалсаң ше?
    27 Қараша 2021
    Оқтау тақтай
    27 Қазан 2021
    ТОҚАЛ
    22 Қыркүйек 2021
    Қорқамын әйелдерден
    14 Қыркүйек 2021
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек 2021
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз 2021
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір 2021
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз 2021
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз 2021
    ТАСБАҚА ҰША МА?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31