«Бала деген – бақ қой» деп мақалдатып жүрген құрбым соңында безіп кетті

11 наурыз 2021, 11:04

Бала-бала - деп, жүрегіміз елжіреп, емешегіміз езіледі рас. Десе де, олар шамадан тыс шулағанда жүйкесі турецкий немесе французский металдан жасалса да, анау-мынау адамның төзбесі анық. Тынышталуын талап етіп, жай сөзбен айтасың, оған көнбесе, ұрысуға тура келеді. Балаларыма сырттай сүйсінетін бір құрбы бар. Қанша дәрігердің есігін тоздырып, тіпә тәуіпке түкірілсе де, Құдай етегіне бермей жүр.
-Балаларыңа ұрыспашы! — деп ақыл айтады, бір күнге қарап берейінші, таптай қыламын — деп қиылады. Міне сол қиылып қоймаған соң, үйге шақырып, балаларды қаратып кеткенмін. Бір күн қонамыз —деп келген ол, бір сағат өтпей жатып қайтамынға басып звондап тұр.
Әйтпегенде ше?
Жеті маймылшасы бар мультфилімді білетін шығарсыздар. Тура сондағыдай жағдай болыпты. Өзінше тамақ шайын берген. Біздікілер жемейміз жеп қитыққан, бірі шай төккен, бірі май төккен. Қойшы әйтеуір шай столды жинап, енді уф деп отыра бергенде, мына жақтан үшіншісі шығып бүкіл жуып қойған ыдыстарды шығарып барабан қылып таңғырлатып, музыкалық аспап қылып жіберген. Оның тыңғырына кішісі билеп жүр дейді. Бірі кіш қылам, бірі қық қылам деген. Бірі далаға ойнап келемін - деп қашқан.
Бала деген - бақ қой  -деп мақалдатып жүрген құрбы соңында безіп кетті. Біреуден артығын тумаймын деп шықты. Шашың ағарып кетпей қалай жүрсің деп таңданды. Балалы үйдің базар екенін, бала сонысымен бала екенін қайдан білсін? Басыңа барсын! — деп тіледім.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан