"БАРАТЫН ҚЫЗЫ БОЛМАҒАСЫН ҮЙДЕ ОТЫР МА ЕКЕМ?"
Мына карантин кім-кімге де оңай боп тұрған жоқ. Әсіресе, жастарға обал. Мойынсұнғысы келмейді. Ғашығының дидарын бір көріп қайтқысы келеді. Әке мен шеше оларды тізгіндеп әлек. Содан реніш туады.
- Қайда жиналдыңдар? Дереу үйге кіріңдер, - депті Орал шырттай киініп алған ұлдарына шүйлігіп.
- Енді... қызымызға бармаймыз ба? - дейді біреуі күңк етіп.
- Мен не, баратын қызы болмағасын үйде отыр ма екем, кәнекей, марш домой! - депті Орал))).
Бұл карантині құрғыр тезірек бітіп, тойға жалғасса екен. Айналайындар-ай, сәл шыдаңдаршы. Әкелерің де шыдап отыр ғой...)))
#карантинәзілдерібіріншісәуіркүлкікүні
Бауыржан Бабажанұлы