Байлығымның қайда екенін айтпаймын! — деп аударыпты дейді...

06 наурыз 2022, 20:50

Болған оқиға

Кеңес үкіметі орнап, қылышын сүйреткен қызыл әскер бір ауылға түсіпті.
Сол ауылдың ең бай адамын конфискация жасамақ болып жауап алайын десе, әлгі орыс тілін білмейді екен.
Содан, шорқақ болсада орысшасы тәуір татар молданы тілмәштікке тартыпты.
— Сұра мынадан, байлығын қайда тықты! Әйтпесе басын аламыз! —деген сөзді әлгі молда байға аударып айтыпты.
Айтсам тыққан байлығымды, айтпасам басымды алады, не істесем екен.. деп ойланып отырған әлгі байдың басынан бір әскери сарт еткізіп салып қалыпты.
Сонда Баекең:
— Ия, тыққан байлығым әне тұрған сайда, аршаның арасында! — десе, аудармашы моллекең:
— Өлсем ана сайға апарып, аршаның арасына жерлеңдер. Байлығымның қайда екенін айтпаймын! — деп аударыпты дейді.

Тортуыл Шоқан

Фейсбуктегі парақшасынан