Бес жыл бұрын қайтыс болған Болғанбай ата былтырға дейін дауыс берді

26 қаңтар 2022, 11:10

САЙЛАУ  кәмісиасының төрағасы ауысты дей ма? Енді өзгере бастайды ма, сонда?

 

Қаншама жыл өзім барып дауыс бердім. Бес жыл бұрын қайтыс болған Болғанбай ата да былтырға дейін өзі келіп дауыс берді.

 

Үш жыл бұрын басын өзіміз орнатқан Гүлжапырақ апа да өткен сайлауға қатысып дауыс беріп кетіпті.

 

Мұғалімдер сабақтан шыға алмай, Нәйдөш зауыш бүкіл мектеп мұғалімінің даусын өзі әкеліп беріп кетеді.

 

Әйдөш әкім ауылдың үлкендерін әуре қылмай, олар үшін күні бұрын өзі дауыс бере салатын...

 

Масқалада дауыс санап жатқанда Басқалада сайлаудың қорытындысын шығарып, тойлап жатады.

 

Осы да өзгеріп кете ме сонда? Ет үйреніп қалған дәстүр еді...

 

 

 

Асқар Наймантаев

Фейсбуктегі парақшасынан