Бойы аласа әкеме тұрмысқа шыққан шешеме қапалымын дейді, қырт десе
Бір бауырым бойының қысқалығына қапаланып, жасы 30-ға келгенде, тұқым жаңартам деп бойы өзінен 15 см ұзын 19-дағы қызды алғалы отыр. Бүкіл әулеті беташарды қойшы, ағайын-туыстың құдалығында баланы қалай ортаға шығарамыз деп ах ұрып отырған көрінеді)
Содан бұл тақырыпты әулет-жәуметімізбен талқылап отырғанда, Рой Медведевтің Сталиннің серіктері туралы кітабын тауып алдық. Бас кейіпкер И.Виссарионович дипломат болмаса да дипломат болған және бюрократтығымен ерекшеленген Молотовты бойының қысқалығы үшін де жақсы көрген дейді.
Жалпы, күн көсем бойы ұзын, сұлу бетті сүйекті кісілерді мүлде ұнатпаған екен. Сол заманның мықты ақындарының бірі - О.Мандельштам өзіне сор болып жабысқан өлеңінде көсемнің айналасына жиналған қылша мойындар туралы жазып, оның серіктерін меңзеген дейді біз сүйенген кітапта.
Осы әңгімені айтып, әлгі бауырыма кейде бойдың аласалығының пайда тигізетін жері болады, тарихты оқысаңшы десем, бойы аласа әкеме тұрмысқа шыққан шешеме қапалымын дейді, қырт десе.