Бір 40-ты , екі 20 жасқа бартер жасаймын.
Қасқа сәл қара май жағылғанымен, бастапқы қалпына келеді.
Көз алысты көрмейді, тек фара ауыстырып тұруға кеңес беремін.
Кірпік жұлынған, бірақ зақым келмеген.
Ауыз жанына тимесең, жынын шашпайды. Асқазан кей кейде обед әпермесең де, шыдас береді.
Салонын жаңалап тұрса, ходовойы орнында.
Мотор қызып кетсе, энам таблетка ұсынып суытуға, суып кетсе норковый шуба әперіп қыздырып алуға болады.
Өңеші түтін шығармайды.
Иістенбеген, бірақ француз әтіріне қарсы емес.
Жүрек терең күрсінгенде шаншитыны болмаса, заводской қалпын сақтауға тырысқан.
Багажында уайым мен аз маз өкініш бар...
Қырсығып, түтігіп, шалқалап, шатқаяқтап жүрмей жатса, құлағын мейіріммен бұрап, жөндеп алуға болады.
Анда санда 50 грамм күннің нұры мен 100 грамм гүлдің жұпарын қосып бір тартары бар. Жөндеймін десеңіз, бұзып аласыз. Сондықтан женшина ремонту и возврату не подлежит. Мәпелеп һәм алдап қана жетістікке жетесің. Бірақ еркекті биік қояды. Бұл не обсуждается. Но, бір ньюанс - еркек өзін одан бәсең сезінсе, өзінен көрсін, өз обалы өзіне)
Куралай Сейсенбеккызы
Фейсбуктегі парақшасынан