Бүгін түс көрдім. Түсімде бір жап-жас қызбен танысып жатыр екенмін.
- Сенбі күні бүкіл подружкаларыңды ертіп кел. Ресторанға отырғызып жіберейін - деп жатып, оянып кеттім. Ұйқым шайдай ашылды мына түстен кейін.
Осы түсімді бәйбішеме айтып бергенмін ғой.
Сөйтсем,
- Бүкіл подружкаларын шақырып не қылайын деп едің? Оларды жарылқап тастайын деп пе едің? Жалғыз өзін шақырмайсың ба... - деп ұрсып берді.
Ақша жүзім албырап, найзадай кірпіктерім төмен қарап, басым салбырады да қалды.
Бұ қатындар түсті де жөндеп көрсетпейді ғой өстіп.
Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан