"Біз де кейде гуглдан көшіре саламыз" деп айтқан жоқпын...

24 желтоқсан 2021, 11:57

Синари жазып отырғам. Айбаршын жаныма келді. Алдымда комп кана тұр. Басқа ештеңе жоқ. Мен тарсылдатып жазып отырмын. Айбаршын біртүрлі жаны ашып қарады. Бір уақта ішіне сыймай кетті-ау деймін: - Әке, сендерге қиын ия,-деді. мен бұрылып қарадым да да: - неге?-деп сұрадым. Ол болса: - Сендердің үй тапсырмаларың қиын ғой. Ойдан тауып жазуларың керек. Бізге рахат, кітапта барды көшіре саламыз,-деді. Жан балапаным-ау, бала күнде бәрі рахат қой. "Біз де кейде гуглдан көшіре саламыз" деп айтқан жоқпын.

facebook.com парақшасынан