Бізде тойды газировка мен печенье ғана қойып өткізіп көрші ...

26 қазан 2021, 14:05

Стамбұлда інім тұрады. Сондағы түрік достары өткен демалыс күндері үйлену тойына шақырыпты. Тойдан інім сториз салады, салтымен бөлісіп, біздің тойлармен салыстырады, оны мына жақтан көріп отырған біз аң-таң болдық.
Бізде тойдың сәні бірінші кезекте дастархан емес пе, одан кейін әнші, биші, шоу деп кете береді. Түріктер мың адам шақырса да дастарханға газировка мен печенье қойып күте береді екен.
Отельдеріне барсаң тамақтан тарықтырмайтын түріктер тойға келгенде неге сараңдық танытты екен, “тойға шақырған досыңның тұрмысы төмен бе еді?” деп, сұрадым інімнен. “Жоға, мұндағылардың көбі солай жасайды тойды, қайта жастардың қалтасын қақпай өздерін ақша мен алтынға көміп кетеді”, дейді. Ал керек болса.
Бізде тойды газировка мен печенье ғана қойып өткізіп көрші сол жерде түтіп жер өзіңді))
Дегенмен назарға алып, ұмтылатын салт екен. Қуанышыңа шын ниетімен емес сынау үшін келетін біраз адамдар сейілер ме еді. Қалай ойлайсыздар?

facebook.com