Діндеріңнің қадірін біліңдер!

05 сәуір 2022, 16:30

Рамазан айы. Қожанасыр көшеде келе жатса, біреулер бір бұрышта тамақ жеп, суды қылғытып отыр екен. Аузы берік Қожанасыр оларға дүрсе қоя беріпті:
- Ұялмайсыңдар ма! Рамазан айында тығылып тамақ ішіп отырғандарың не? Құдай көріп тұр ғой, - депті ренжіп. Әлгіндер болса:
- Біз - христианбыз. Бізде сіздердікіндей ораза жоқ. Біздің оразада - ет, май, балық дегендерді жемесең болды. Нан-панды жей бересің, - депті саспай.
Сөйтсе Қожанасыр жұтынып алып:
- Діндеріңнің қадірін біліңдер! - депті де, өз жөніне кете барыпты.

Әлеуметтік желіден