Өмір-юмор!

ЕКІ ЖЫЛҚЫ, ФИНПОЛ ҺӘМ БАҚЫТ ТУРАЛЫ ХИКАЯ

  • ЕКІ ЖЫЛҚЫ, ФИНПОЛ ҺӘМ БАҚЫТ ТУРАЛЫ ХИКАЯ

    ЕКІ ЖЫЛҚЫ, ФИНПОЛ ҺӘМ БАҚЫТ ТУРАЛЫ ХИКАЯ

  • ЕКІ ЖЫЛҚЫ, ФИНПОЛ ҺӘМ БАҚЫТ ТУРАЛЫ ХИКАЯ

    ЕКІ ЖЫЛҚЫ, ФИНПОЛ ҺӘМ БАҚЫТ ТУРАЛЫ ХИКАЯ

1 сәуір күні біреуді алдап, не қатты алданып көрмеппін. Ал енді былайғы күндерде алдауға тура келетін кездер бар. Кейде амалсыздан, кейде әдейі дегендей...
Әдейі алдағанымның бірін айтайын. Бақыт Әметаев деген досым бар екенін бұрын да жазып жүрмін. Алматы облысы Ұзынағаш ауданының орталығындағы базарды етпен қамтамасыз етіп отырған бұл иттің ең жаман "әдеті" — телефон жоғалту. Жаңа телефон алғанда сенің нөміріңді іздеп, қайта жазып қою деген оның миына кірмейді. Іздеп, звондау деген де оған «жат әдет». Ылғи өзің звондайсың. Еститінің бір-ақ жауап: «Бұл кім екен?». Тым болмаса, дауысыңды айыруға болады ғой...
Міне, кезекті рет звондап тұрмын. Тағы да сол жауап — «Кім екен?». Жыным ойнады. Кенет басыма бір ой сап ете қалды:
— Әлөу, маған Бақыт деген азамат керек еді.
— Мен ғой, Бақыт.
— Өй, айналайын, мен Серік деген ағаң боламын. Финполда істеймін. Әкеміздің жылын берейін деп жатыр ек. Соған жылқы керек боп. Сенде тәуір жылқылар бар дегесін...
— Өй, аға, қоңды жылқының бәрі — менде. Қалағаныңызды аласыз.
— Маған бір емес, екі жылқы керек.
— Оны керек болса да тауып берем, аға. Бақыттың даусы көңілді шықты.
— Тәәк, қалай көремін барып?
— Аға, Ұзынағашқа кірген жерде кафенің жанынан оңға бұрыласыз. До конца барасыз да, солға бұрылыңыз. Екінші үй — біздікі. Көк қақпа. Үйде інім, балалар бар. Қарлығаш — келініңіздің аты. Ерте барсаңыз, сол кісінің шәйін іше тұрыңыз, мен Алматыға шығып бара жатыр ем, тура екі сағатта болам.
— Айналайын-ау, мен сол Ұзынағашта тұрмын. Екі сағат дегенің көптеу екен, мен басқа бір вариантын қарастыра берейін, ендеше.
— Аға, міне, Алматының кольцовойынан бұрылып жатырмын. Тура 20 минутта болам, ешқайда кетпеңіз.
15 минут өткесін, смс жібердім: «Өй, сен қырғыздан мал ұрлап әкеліп, сататын оңбаған екенсің ғой. Қой, ондай ұрлық малды алмаймын...». Телефоным шыр ете қалды:
— Серік аға, мен түсінбей қалдым...
— Түсінбейтін несі бар?! Баукеспе екенсің ғой. Ертерек білгенімді айт, әйтпесе, әкемнің жылына ұрлық мал сояйын деп тұр екенмін. Құдай сақтапты...
— Өй, аға, оны кім айтып жүр?
— Ел айтып жатыр. Оңбаған екенсің ғой. Қалай бойларыңа сіңеді, ә, арамнан тапқан табыс?! Өй, көргенсіз.
— Аға, мені олай қорламаңыз. Өзіңіз алам деп алып... Адамды әуреге салып... Шаруамды тастап, ұшып келдім емес пе? Сөзіңізде тұрмайтыныңыз бар...
— Енді сен шаруасынан қалды деп арам мал соймаймын ғой мен. Әкем — бес уақыт намазы түгел, тақуа адам болатын...
— Аға, мен де намаз оқитын адаммын (Жаны қысылса керек, Бақыт өтірікті соғып жіберді. Рас, бірнеше жылдан кейін намазға жығылды. Алла сауабын молынан жазғай, — Б.Б). Жұрт айта береді. Көре алмайтындар ғой...
— Әй, шпана, енді менімен сөз таластырайын дедің бе? Ұры екеніңді, ұйымдасқан тобың бар екенін маған сенімді адамдар айтып отыр. Мына асты өткізіп алайын, сосын ісім сенімен болсын... Тоз-тоз қылып қаңғытып жібермесем, атымды басқа қой. Налог та төлемейді дейді ғой сені...
Бақыт үнсіз қалды. Мен де телефонды өшіре салдым. Іле Шымкенттегі Кенжеге звондадым: «Бақыттың халін білші». «Не боп қалды?». «Жай, шұғыл звонда». 5 минуттан кейін Кенже қайта соқты. Ішек-сілесі қатып тұр: «Сенің ісің бе? Анау өмірден түңіліп отыр. Көптен бері жылқым өтпей тұрғасын, екеуін алам дегесін, шаруамды тастап жетіп келіп ем... Финполда істейтін кісі екен, басыма пәле болмаса болды...» — дейді...»
Тағы телефон соқтым.
— Алло, Серік аға. Бақыттың жарықшақтанып шыққан даусында әлсіз бір үміт бар.
— Ей, қайдағы Серік?
— Жаңа осы телефоннан звондадыңыз ғой. Екі жылқы алам деп...
— Қайдағы Серік, қайдағы жылқы? Мен — Бауыржанмын, Ақтөбеден.
— Өй, әкеңнің... Адам өстіп те қалжыңдай ма екен. Бар шаруамнан қалып... Қайтып айналып келіп...
— Өз обалың өзіңе. Мені танымай не көрінді саған?
— Кетші-ей. Бақыт аузын толтырып, бір боқтады да трубканы тастай салды.
Іле-шала, Кенже хабарласа керек, Қазақстанның түкпір-түкпірінен біздің қулар Бақытқа телефон соға бастайды: «Алло, бұл — Бақыт па екен? Серік деген ағаң ғой. Екі жылқы керек еді...».
...Келесі жолы қоңыраулатқанда, телефон тұтқасын көтерген Бақыт былай деді: «Ассалаумағалейкум, Бауке!»

1 cәуір  2015 ж. 

Бауыржан Бабажанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1633    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 09:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:36
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз, 08:56
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз, 23:14
    «ТОЛҒАҚ ҚЫСҚАН» ЖІГІТ
    28 Наурыз, 22:59
    ТАСБАҚА ҰША МА?
    22 Ақпан, 17:45
    КІМНІҢ ҚАТЫНЫСЫҢ?
    20 Ақпан, 18:07
    ШЫМКЕНТТІКІСІЗ БЕ?
    13 Ақпан, 21:26
    24 САҒАТ ...
    13 Ақпан, 14:39
    ҚАРАБЕТ.КЗ...
    24 Қаңтар, 22:52
    БАЛАНЫҢ ОЙЫ
    24 Қаңтар, 22:33
    АТА-ЕНЕНІҢ АРМАНЫ
    24 Қаңтар, 22:19
    КЕЙ КЕЛІННІҢ АРМАНЫ
    20 Қаңтар, 16:27
    «АҚЫМАҚ» АУЫЗДАР
    20 Қаңтар, 14:13
    Қазақы қалжың

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30