Еркектік қорымызда ештеңе қалмай бара жатқан секілді, бәрін бердік қой...

18 ақпан 2022, 11:43

Әй, әйелдер-ай, әйелдер, әнді де, жырды да, күйді де сендерге арнадық. Сендердің сұлу бейнелеріңді қабырғаларға қашап, майлы бояумен мың құбылтып мәңгілікке қалдырдық. Мерекені де сендердің құрметтеріңе атап қойдық. Сендер кір жумасын деп кір жуатын машина ойлап таптық, от жақпасын деп газ, жарық жасап қойдық. Өмірлеріңді әлі жақсартып, жеңілдетіп келеміз. Тіршіліктеріңе қажеттінің бәрін жасап қойдық қой, еркектерге сонда да көңілдерің толмайтыны несі. Бізге неге риза емессіздер, айтыңыздаршы. Сіздерге жақсы көрінеміз деп еркектік қасиеттерімізден айырылып бара жатырмыз. Құдай бізге тудырушы, жасаушы қасиет берген соң бір саты артықшылығымызды неге көре алмайсыздар? Сіздер үшін тағы не істейік, айтыңыздаршы. Еркектік қорымызда ештеңе қалмай бара жатқан секілді, бәрін бердік қой. Әлі де алғыларыңыз келетін нәрсе көп секілді. Ерекетік қорды тауысқанмен шекелеріңіз қызбайтынын неге түсінбейсіздер?!
Осылай шағынатын күнге жеттік!..

Нұртай Ерназар

Фейсбуктегі парақшасынан