Фигурасы зың. Көзін айтсайшы ойнақшып тұр, – деп қояды 5-6 оқитын бала

08 наурыз 2021, 15:32

Өзіңнен кейінгілерді көріп қартаясың - деген рас-ау осы. Бағана 11-ші трамваймен басып келе жатсам, алдымда 5-6 оқитын балалар өз ара сөйлесіп кетіп бара жатыр екен. Естіген құлақта жазық жоқ. Дауыстары көшені жарып келе жатқан соң, əнгімелерін еріксіз тыңдауға тура келді. Бірі;
— Қыздардың мейрамы жақындап қалды. Мен Аяулымға сыйлық жасаймын. Сол қыз бір қылықты ше, маған қатты ұнайды. Ол да маған кеті əрі емес сияқты десе, екіншісі,;
— ұнатқан болсаң, кеше валентин күнінде "сүйемін" деп айтпадың ба? Енді ертең подарка беріп жатқанда айт — деп ақыл айтқан болды. Ал өзіме Сəуле ұнайды деді сосын сөзін жалғап.
Фигурасы зың. Қараның əдемісі. Көзін айтсайшы ойнақшып тұр. Көздің жегі құрты - деп қояды тамсанып.
Соңында келе жатқан мен шок болдым.
Мəссаған! Бесінші сыныптың оқушыларында қандай сезім, қандай махаббат, қандай қылықтылық, қандай от.?
Оны қойшы, бесінші сыныптың қызында қандай фигура? — деп тағы да ойға кеттім.
Ее, біз бұлар үшін, қартайып біткенкендей көрінеміз-ау. Жастарды түсінбейміз. Тездетіп желбіреген шашты ретке келтіріп, ощым жас емес екенімізді мойындағым келмесе де, мойындадым) Мойындаған суретімді салайын деп тұрдым да, қой деп қайта басылдым.

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан