Ауылда жүз граммға жақын бір жігіт болды. Өзі аңғалдау болғандықтан көбіне күлкіге қап жататын. Оразада ауылда жарапазан қызатынын білесіз. Бір күні әлігі жігіт жарапазаншыларға қосылып шығады. Қасындағы қуақы жігіттер арасында аңқауды "жүздетіп" қояды. Тегін жүздікке дәметіп қалған жігіт күнде жарапазаншыларды аңдып тұратын болады. Бір күні жарапазанның аяғында жігіт те дап-дайын болады. Ауылда шарбақ деген атымен болмайтын. Үйдің арасымен жүре бересің. Әлігі жігіт "ғажайып жарапазанымен" өткенде жазған қабаған иті бар үйдің алдымен көлденең өтіп, үйіне баратын жолды қысқартқысы келеді. Қабаған иттің есектей екенін жазған едім ғой. Жарапазаншы жігіттің алдынан "адам" шыға келеді. Ешкіммен бөліспен өзіне тиетін жүз граммды ойлап, "Айтамын жарапазан..." деп бақыра жөнеледі. Алдымен таңырқап тыңдаған ит арп ете қалады. Жігіт "жеңеше, ашуланбаңыз, елу грамм болса жетеді" деп, қайтпай жарапазанын жалғастырады. Иттің де шыдамы таусылса керек, жігітті бассалады. Құдай жарылқап тісі ауының түймесіне дөп келеді. Масқа да жан керек. Қатты соққыдан жалт беріп қаша бергенінде келесі соққы май құйрыққа тиеді. Бұл жолы иттің жағы қарысқандай жібермей қалады ғой)) Сөйтсе, "жеңеше, елу граммның әкесінің аузын...құйрығымды жіберші" деп бақыратын көрінеді. Абырой болғанда осы кезде сәкіде ұйықтап жатқан үй иесі оянып қап, қалған құйрықты құтқарып қалады. Жігіт бірден "айығып" кетеді. "Ой,әкең... елу граммға бола көтенімді жұлдың, жүз грамм сұрасам қай жерімді жұлар ең?.." деп ойбайлап барады дейді.
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан