Жігітпен сүйісуден жиіркеніп күйеуге тимей қалған кісіні білем

15 мамыр 2022, 21:29

"Қуудың" да неше түрі болады, ия?

 

- 8 легені болған кісіні білемін - аяқ жуатын, бас жуатын, киім жуатын, нәски жуатын, іш киім жуатын, ...қалғанын ұмытып қалдым ))

 

- Винегрет салаттың картобы қызарып кетпеу үшін небір әдістер істейтін кісіні білем - қызылшаны қуырып алып салады, ол онша көмектеспейді, салатқа жеудің алдында ғана салып, тез-тез жеп алады ))

 

- жігітпен сүйісуден жиіркеніп күйеуге тимей қалған кісіні білем ))

 

- Аппақ былғары "уголок отдыха" дейтін едік қой, диван мен креслоларын  ақ матамен жауып, сол бөлмені бәлен жыл құлыптап қойып, онда жылына бір-екі рет кіріп, жиһазды сүртіп, қайта жауып қойып, қонақтарды басқа бөлмеде қарсы алған кісілерді білем, сөйтіп уголок отдыха "отдыхающий уголокқа" айналған ))

 

- тағы қандай қуғандарды білесіз?

 

 

Сәуле Сейдалина

Фейсбуктегі парақшасынан