Өмір-юмор!

Жұмысшылар сенің "платный" тамақ бергеніңді білмей қалған сияқты...

  • Жұмысшылар сенің

    Жұмысшылар сенің "платный" тамақ бергеніңді білмей қалған сияқты...

Қайтсек ақша табамыз? Бір айлыққа қараған күні құрысын. Алған күннің ертесіне ақ таусылып қалады.
- Қой сен əлгі жұмысыңды таста. Оданда үйде отырып онша-мұнша пісіріп сат. Пайда жақсы түседі. Бұл үйдегі көкеміздің айтқан ақылы. Тіпті, күнделікті қанша таба алатыным мен оның қанша шығын шығатынына дейін ойша кесіп-пішіп қойған. Оның ойымен мен мүлдем келісе алмадым.
-Ата-бабамда сауда істеген ешкім болмаған. Ол менің қолымнан келмейді.
-Қолың қимылдаса, аузың да қимылдайды. Екеуміз күш - қуатымыздың барында жұмыс істейік,, ерінбейік!— деп тағы да тықақтайды ол. Осылай айтысып біраз уақыт жүріп қалдық. Мен істеп жатқан жұмысымның айлығы мардымсыз болса да, тастай алмадым. Бір күні үйдегі көке тағы да баяғы əнгіменің шетін шығарды.
-Біздің жұмыстағы он бес жұмысшы əрқайсысы күніге анау жаман орыс қатыннан бес жүз теңгеге түскі ас ішеді. Сол жұмысшыларға неге сен обед дайындап бермеске? Күнде табыс табасың. Қалған уақытта демаласың. Кем дегенде күніге "пəлен" теңгеден ұстайсың!— дегенде қалай келіскенімді білмей қалдым. Содан, мен жұмысшыларға түскі ас дайындау жұмысын бастап кеттім. Бар ойым тамақты керемет етіп дайындау. Сөйтіп, əлгі орыстың клиенттерін өзіме қаратып алу. Содан не керек базардан керек — жарақтың барын əкеліп, бар ықыласыммен тамақ дайындадым. Жұмысшылар ас ішуге сағат 1 -00 де келетін болған. 15 адамға арнап стол жайып, арасына екі үш түрлі салаттарды оюлап турап дайындап қойғанмын.Басымда орамал. Өмірі тақпаған алжапқышты тағып алып келген жұмыскерлерге за одно даяшы, за одно аспазшы қызметін көрсетіп жүгіріп жүрмін. Тамағын тауыса ішкендерге "добавка" құйып дегендей.
Күйеу менен өтіп кеткен ақкөңіл екен. -Құйда құй. Тамағыңды аяма.
Жұмысшылар көрсетілген қызметке риза болып рахметін айтып тарқасты. Олардан қалған ыдыстарды көңілді жүріп жуып тастадым. Аз-маз армандап қоямын. Он бес адам 500 ден берсе жаман емес. Күнде осылай табыс тапсам, анау кеңсе жұмысын тастаймын. Кешкісін күйеу байып келетін болды. (Бұл менің ішкі ойым). Кешкісін күйеу басы салбырап келді.. Бір бəлені бүлдіріп қойған адамдай, бетіме тіке қарай алмайды.
Сені мақтап жатыр!
Салған жерден "қанша таптық?" дедім қуанып.
— Ренжімеші біздің жұмысшылар сенің "платный" тамақ бергеніңді білмей қалған сияқты. Олар өздерін қонаққа шақырды— деп ойлап қалыпты. Ешқандай да ақша берген жоқ,— деп тұр.
Сөйтсек, біздің кісі оларға о баста өз жоспарын дұрыс түсіндірмеген екен. Жүріңдер біздің үйде тамақ болып жатыр!— деп үйге бастап келе беріпті. Мен бар болғаны жұмыстан себепсіз қалып, пайдаға бата қаламын деп ойлағанмын да. Ертесі күні жұмыстан себепсіз қалғаным үшін жақсылап сөгіс естіп көз жасымды бір сығып алғаным бар))))

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 6735    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.06.2021, 11:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан 2021
    Бәукеш алған бас бәйге
    8 Желтоқсан 2021
    Ал өлмей қалсаң ше?
    27 Қараша 2021
    Оқтау тақтай
    27 Қазан 2021
    ТОҚАЛ
    22 Қыркүйек 2021
    Қорқамын әйелдерден
    14 Қыркүйек 2021
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек 2021
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз 2021
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір 2021
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз 2021
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз 2021
    ТАСБАҚА ҰША МА?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31