Жүрсіннің қалжың қалтасынан

Жүрсіннің қалжың қалтасынан

Бүгін ақын Жүрсін Ерманның туған күні. Жүрсін-жырдың жетпісі басталды. Оның қазақтың айтыс өнерінің көшін сүйреп жүргеніне де қырық жылдан асыпты. Жүрсін айтыспен, айтыс Жүрсінмен егіз болып кеткендей. Бүгін ақынның туған күнінде  Жүрсін Ерманның әдемі әзіл-қалжыңдарынан үзінді беруді жөн көрдік. Жинақтаған  Серікзат Дүйсенғазин.
 

Бірде Жүрсін Ерман мен жары Бақытжамал екеуі Астанаға келгенде досы, ақын Несіпбек Айтұлы үйіне қонаққа шақырады. Алыстан ат терлетіп қонақтарға арнайы қонақасы беріледі. Бір-бірін көптен көрмеген екі құрдас дастархан басында әдемі әзілдесіп отырады. Бір кезде Несіпбек жақында немересі үйленетінін айтып, Жүкеңе: «Мен енді Алла бұйырса, шөбере сүйіп, ата емес, баба болам, сен далада қалдың» деп қалжыңдайды. Жүкең болса: «Сен баба болсаң боларсың, ал сонда кемпірің кім болады?» деп сұрайды. Несағаң «Кемпірім кейуана болады» депті. Жүрсін қулана күліп алып, «Е, онда кейуананың күйеуі баба емес, диуана болады ғой» деген екен. Досының тапқырлығына риза болған Несағаң бастаған дастархан басындағылар ду күліпті.

***
Бірде Қарт Каспийдің жағасындағы Ақтау қаласында дүбірлеген айтыс өтеді. Айтысты ұйымдастырушылардың ішінде намаз оқитын діндар азаматтар да бар екен. Сол ұйымдастырушылардың бірі адамдармен қоштасқан кезде «Иншалла, жұмақта жолығайық» деген сөзді әдет қылса керек. Айтыстың соңында әлгі намазхан жігіт келген қонақтармен қоштасып тұрып, әдеттегі сөзін қайталай береді. Содан мезі болған Жүрсін: «Сен елдің бәрін жұмаққа шақырып алып, біз барғанда өзің бармай қалып жүрме!» депті.
***
Ақын Рафаэль Ниязбеков бір отырыста Жүрсінді мақтауын жеткізейін деп: «Жүрсін деген арыстан кеуделі, жолбарыс жүректі азаматымыз ғой» деп бастай жөнеліпті. Оңтайлы сәтті қалт жібермейтін, қазақы қалжыңға жүйрік Жүкең: «Оу, Рафеке, мақтаймын деп менің кеудемді зоопаркке айналдырып жібердіңіз ғой» деген екен.

Қажымұқанның мерейтойы басталды
Тоқаев: Мұқағалидың туған күні &ndash әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той
Мерейтойға идеологиялық тұрғыда қарау қажет
 
***
Тағы бірде Жүрсін Ерман жолаушылап келе жатып жанындағы адамдармен бір ауылдағы үйге құдайы қонақ болыпты. Көгілдір экраннан көріп жүрген адамды көзбен көргенде есі шығып кеткен үй иесі сасқалақтап «Жүке, қош келдіңіздер, сіздерге ет асайық па, әлде қуырдақ қуырып жіберсін бе?» деп жүгіріп жүр дейді. Сонда саспайтын Жүкең: «Үйлеріңізде қазандарыңыз біреу-ақ па еді?» деген екен.
***
Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Бала би ауылына ат басын бұрған Жүрсін Ерманның қасында құрдасы Жұмабай Шаштайұлы да бар екен. Үй иелері анау-мынау шаруасымен сыртқа шығып кеткен кезде Жұмабай:

 Бұл қыпшақтар  ежелден жауынгер халық. Осы үй де қыпшақтардікі емес пе. Қорықпай орталарыңда отырғанымның өзі ерлік емес пе?  деп қалжыңдапты. Сонда Жүрсін:

 Ей, шапырашты Шаштай! Осы үйде менен басқа қыпшақты қайдан көріп отырсың? Қорыққанға қос көрінеді деген осы екен ғой! депті.

***
Алматы қаласындағы бір думанды тойдың үстінде жетісулық әнші Нұржан Жанпейісов қазақтың халық әні «Жиырма жеті қызды» шырқайды. Тойға келген қонақтардың ортасында отырған Жүрсін Ерман үзіліс кезінде кездесіп қалған әншіге «Нұржан, жаңағы орындаған халық әні бұрында «Он алты қыз» сияқты еді ғой. Қалған он бірі қайдан келген? Оралмандар ма?» деп жұртты ду күлдіріпті.
***
Жүрсін Ерман «Қазақ радиосында» Бас директор болып жүрген кезінде қарамағында істейтін пародияшы Олжас Сыдықбеков бір асығыс жағдайлармен жұмыстан сұрануға барады. Түскі үзіліске шығып бара жатқан бастығымен қарама-қарсы кезігіп қалған Олжас: «Жүрсін аға, сізде бір шаруам бар еді» дейді қипақтап. Жүкең: «Түстен кейін кел» дейді. Жаңағы жағдайдан кешігіп қалам ба деп қауіптенген Олжас: «Түстен кейін ешқайда кетіп қалмайсыз ба?» деп тақымдайды. Жүкең болса: «Ей, енді саған ант-су ішейін бе?» деп бұрылып кете береді. Біршама уақыттан соң төменгі қабатқа түскен Олжас бір шаруаларымен бөгеліп тұрған бастығына тағы қарама-қарсы кезігеді. Сонда Жүкең: «Олжас, сен бағана маған түстен кейін орныңызда отыратын болыңыз дедің бе, не деп едің?» деп қулана күліпті.

***
Жүрсін Ерман Қазақ радиосын басқарып жүрген кезде жақында ғана тұрмысқа шығатын хатшы қыз «ауырдым» деп, сылтау айтып жұмысқа бірде келіп, бірде келмей жүріпті. Хатшы қыздың сылтауынан мезі болған Жүкең: «Егер күйеуге тиген денсаулығыңа жақпаса, ажырасып кет» деген екен.
***
Бір күні Қазақ радиосындағы Бас директор Жүрсін Ерманның кабинетінің алдында отыратын хатшы қыз қазіргі жастардың сән үлгісі бойынша екі құлағына үлкендігі өзінің басының жартысындай дөңгелек сырға тағып келіпті. Соны байқаған Жүкең: «Сен өзі құлағыңа люстра тағып алғансың ба?» деген екен.

***
Парламент Мәжілісі тарағаннан кейін бір үйде қонақта отырған бұрынғы депутат Бекболат Тілеухан: «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын деп, Абай дәл айтқан. Сол замандағы Абай атамыздың сөзі қазіргі біздің жұмыссыз жүрген жастарымызға айтылған сияқты» деп өз пікірін ортаға салып отырады. Сонда қонақтардың арасында тыңдап отырған Жүрсін: «Бекболат, сен осы қазір жұмыссыз жүр емессің бе?» депті түк білмегендей.
 ***

          Ақтаулық айтыскер ақын Нұрлан Мұсаев үйленіп, құдалық тойына Жүрсін Ерман ағамыз барады. Нұрланның қасындағы күйеу жолдасы қарынды, алып денелі, еңгезердей «нән» жігіт екен. Әлгі жігіт Жүрсін ағаны  көріп, амандасуға қасына келеді. Жөн сұрасып болған соң Жүкең әлгі жігіттің тұлғасына таңғала қарап тұрып «Атың кім сенің?» деп сұрапты. Жігіт жолдас «Атым &ndash Қосқали» десе, Жүрсін ағамыз күліп тұрып: «Атыңды дұрыс қойыпты, әйтпесе сенің мына түріңе бір Қали аздық етеді» деген екен.

***
Жүкең қонақта отырса, діннен хабары жоқ дүмшелеу бір кісі «Рамазан айында ораза ұстау міндет емес. Әркім өзі қалған кезінде ұстауына болады» &ndash деген ғой. Сол кезде айтқыш Жүрсін Ерман:
&ndash Сонда қадір түнін қай күнге белгілеп отырсыз, &ndash деген екен.
***
Жүрсін Ерман «Қазақ радиосында» Бас директор болып жүрген кезінде қарамағында істеген пародияшы жақсы көретін інісі Олжас Сыдықбек көп уақыт көрінбей кетіп, бір жиында жолығып қалады. Жүкеңе амандасып, жөн сұрасып жатып, «аға, қай жерде қызметтесіз» дейді. Жүрсін: «Мұражайда қызметтемін, өзің қайда жүрсің?» деп сұрайды. Олжас: «мен де музейде қызметтемін» дейді. Сонда Жүкең: «сен музейге ерте кетіп қалыпсың ғой» деген екен.

***
Бірнеше жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысындағы Ақсуат өңірінде республикалық айтыс болды. Жүрсін Ерман бастаған ақындарды Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев пен айтысты ұйымдастырушы кәсіпкер Дулат Тастекеев бастаған азаматтар құрақ ұшып қарсы алады. Арнайы тігілген қазақ үйдегі дастарxаннан кейін алдағы жоспарды сұраған Жүкеңе ұйымдастырушылардың бірі:
&ndash Енді қазір Ырғызбай әулиенің (ХІХ ғасырдағы атақты тәуіп Ырғызбай Досқанаұлы) басына барамыз. Сол жерде керектеріңізді сұраңыздар. Әулие сұрағандарыңызды береді, &ndash дейді. Айтыскер ақын Шұғайып Сезімханның тойына Монғолияның Баян-Өлгей аймағына  барып, жолдан шаршаңқырап келген Жүрсін аға:
&ndash Ырғызбай бұл жерден қанша шақырым? &ndash деп сұрайды.
&ndash Сексен шақырым.
Қулана күлген Жүкең:
&ndash Онда сонау жақтағы әулиені әуре қылмай-ақ керегімізді қасымыздағы әкімнен сұрай салайық та, &ndash деп тұрғандарды қыран-топан күлкіге қарық қылады.
***
Бірде Батыста өткен Бауыржан Халиолланың кешін жоғары деңгейде жүргізген Жанарбек Әшімжанға риза болған Жүрсін Ерман «Бұл Жанарбек жаназаны да жандырады ғой» деп халықты қыран топан қылған екен.

***
Бірде Жүрсіннің  жары Бақытжамал қойдың, жылқының, сиырдың еттерін қосып қазанға салады. Біраз уақыттан соң Бақытжамал ет пісіпті деп Жүкеңді асқа шақырады. Етке тісі өтіңкіремеген Жүрсін: «Етің қаттырақ екен» десе, жары Бақытжамал «Кәрілеу малдың еті еді» деп ақталады. Сонда, Жүкең «сенің қазанға еттерін салған қойларың, сиырларың, жылқыларың құрдас па?» деген екен.  
***
Бірде сенбі күні айтыскер ақын, айтыс ақындар одағының қызметкері Шұғайып Сезімхан зоопаркте бала-шағасын ойнатып жүргенде, Жүрсін Ерман жұмыс барысымен хабарласып, Шұғайыптың қайда жүргенін сұрайды. Шұғайып «бала-шағамды ойнатып, зоопаркте жүрмін» десе, Жүкең «Немене адамдардан көңілің қалып, аңдармен сырласып жүрсің бе?» деген екен.

***
Бірде Алматыдағы Ұлттық кітапханада жиын өтіп аяқталып қонақтар қайтып жатқанда кітапханда қызмет істейтін  қыз Жүрсін Ерманның сырт киімін алып кигізіп жібермек ниетпен, «киіміңізді кигізуге бола ма?» деп сұрайды. Сонда Жүкең: «киімімді кигізуге болады, шешіндіруге болмайды» деп қойып қалады.
***

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста