Қалаған нәрсеміздің атын өзгертсең, заты да өзгеріп кете берсе ғой шіркін...

02 наурыз 2022, 11:41

Баяғыда бір кәріс жігіт ауылдың иттерін жей берген соң, ауыл адамдары молда әкеліп, кәрісті сүндетке отырғызып:
- Сен бүгіннен бастап мұсылмансың, мұсылмансың, мұсылмансың, - деп құлағына айқайлап, құйып жіберіпті.
Сөйтсе кәріс үйінен шықпай қалыпты. Екінші күні де шықпапты. Көршілер шыдамай үшінші күні кәрістің үйіне барса, кәріс малдас құрып, тілін кәлимаға келтіріп отыр дейді.
Алдына бір итті байлап қойып, құлағына айқайлайтын ұқсайды:
- Сен бүгіннен бастап қойсың, қойсың, қойсың, - деп..
Осылай қалаған нәрсеміздің атын өзгертсең, заты да өзгеріп кете берсе ғой шіркін.

Есет Калманов

Фейсбуктегі парақшасынан