ҚАРАБЕТ.КЗ...

ҚАРАБЕТ.КЗ...

ҚАРАБЕТ.КЗ

 

Түкке тұрғысыз идея ұсына кетейін...

 

Мысалы бізде ұлтқа тіл тигізгендерді, соткамен өтірік бомба қойғандар мен алаяқтық жасағандарды видеоға түсіріп, кешірім сұратып жатады. Артынша әрине заң аясында өз жазаларын алады ғой. Енді бүйтсек қайтеді.

 

Жемқор, парақор деген нағыз тозақ отына күйгірлер бар. Олар ең ірі қылмыскерлер. Өйткені олар тұтастай ұрпақтың болашағын ұрлайды. Балалардан қайғысыз балалықты, ересектерден бақытты отбасылық өмірді тартып алады. Нағыз иттер. Сондай парақор, жемқорлар ұсталған сәтте, тергеу-тексеру жүреді, кінәсі нақтыланса сотталады. Міне, солардың кінәсі дәлелденгендерін арнайы сайтқа салу керек әкесін. Сайттың атын да дайындап қойдым. ҚАРАБЕТ.КЗ. Тема атау деп ойлаймын. Видеоға түсіріп, "мен мынандай да мынандай, пара алып, елге, мемлекетке,ұлтқа зиян келтірдім, мен қарабетпін" деп айтқызып, салып қойса. Қарабет.кзтен бірақ шықпау үшін, адамдар түзелуі мүмкін ба?

 

Балалары әкелеріне "әке, сайттан бірақ шықпаңыз, заңмен жүріңіз" деп, әкелері ұлдарына "ей бала, түзу жүр, ел-жұртқа масқара болып, қарабет етпе мына мені, маған ақша емес, қартайған шағымда абырой керек" деп айтып отыратындай. Бұл бір парақор болмақ болуға ниетті, басы мен ойы тұманда жүрген шенеуніктердің есін жидыра ма?

 

Мысалы адамды жұмысқа алар сәтте, Қарабет.кзке кіріп қарайсың, егер аты шығып тұрса ойланасың ғой. Тіпті ол жазасын өтеп шықса да, мүмкін қайта бұрынғы әдісіне баса ма деп бір ой елегінен өткізесің. Бұрынғы парақор, жемқорға жұмыс табу қиындайды. Мүмкін ол әділетті емес болар. Сіз қалай ойлайсыз?

 

ПыСы: "Адам құқығына жат", "ол жазасын өтеп шыққан соң қайтеді" деген бла-бла-блаларды жазуға рұқсат.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК  қалай былай?)

 

 

 

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста