КІЛТІҢІЗДІ ҰМЫТЫП КЕТІПСІЗ...
Түнгі сағат 00:00. "Тревожный  вызов" фильмін көріп отырмын. Әлгі маньяктың қан-қан болып қызды өлтірейін деп жатқан жеріне келдім. Сол уақытта үйдегі есік дүңкілдеді. Киноның әсерімен өзімнің жүрегім ауызымда отыр еді, одан сайын шошыдым. Есікке жетем дегенше есікті сыртынан кілтпен бұрап , одан сайын тарсылдатып әкетіп барады. Глазоктан қарасам кішкентай бала. Өзбекке ұқсайды.
 
Үйдегі қыз "ашпа,ашпа" дейді. 1 минуттай кілтті де бұрап, есікті де қатты ұрып-ұрып, біраз тұрып кетіп қалды. Көрші үйге кірді. Жүрек дүрс-дүрс.
 
Қабырғадан тың тыңдасам бір ер адамның ұрысқан дауысы естілді. Кинодағы маньяк сияқты елестеді. Қасымдағы қызға "жүрші барайық, ана баланы ұрып жатыр ма? Көмек сұраған шығар?"  Нешетүрлі елестеп, нешетүрлі ойлап үлгересің ғой ондайда. Жайлап барып есіктерін қақтым.
 
Бір әйел күліп ашты. Мен көзім бақырайып сөйлеймін дегенше:
 
- Кілтіңізді ұмытып кетіпсіз деп күледі.
 
Жаңағы қара бала әкеліп берді).
 
Вот ақымақ есікті ашып, кілтті сыртына тастап кіріп кеткенмін ғой.
 
 
 
Керім Аянқызы