Өмір-юмор!

КІМНІҢ ҚАТЫНЫСЫҢ?

  • КІМНІҢ ҚАТЫНЫСЫҢ?

    КІМНІҢ ҚАТЫНЫСЫҢ?

Інжуді ойыншық машинадан жығып алып, басының "жігі кеткен" қылдық. Шарқ ұрып анаған бір, мынаған бір апарамыз. Бастың "жігін" салып берер, сынықты емдер ауылдың шетінде осындай да осындай бір апа тұрады деп естідік.

 

"Барып қайтайық" деп көрші келіншектерге "жүр, жүрлесем" ешқайсысы баспайды. Мейлің дедім де, қаршадай қайын сіңілімді ертіп, Інжутайымды көтеріп сол кісіге тартып тұрдым.

 

Барып алып қашасында айқайлап тұрдық. Ит бар ма деген күмән ғой. Біздің дауысымызды естіп, үй ішінен бір ақ жаулық таққан апа көрінді. Сәлемімді салып, не үшін келгенімді айтып жатсам апам: " Кімнің қатынысың? "деп қойып қалды. Үлбіреп тұрған келіншекті" қатын" дегені шамыма тиіп кетті. Ол бір деңіз.

 

 Сосын Інжутайдың басын қысып, түшкіріп беріп жатып: " Өзің ақ саусақ, ине ұстаған баласың ба? Қазір баланың басына дәкі ораймын, біткен жерінен тігесің"деді. Инені қолыма ұстатып еді, саусақтарым өзіме бағынбай, дірілдеп кетті. Дәкенің біткен жерінен тігейін десем, қолым дір-дір етеді. Тіге алмаймын.

 

Апам қолымнан сабақталған инені жұлып алды да, өз ұшығымен қайтадан тікті. Баланы қолыма ұстатып жатып: " Мә, өңкей  түкбілместер" деп ұрсып жатыр.

 

Көзім атыздай боп қорқып есіктен шығып бара жатсам, арт жағымнан "Әй!" деп тағы зекіп қалды апам. "Түк білместігіңмен қоймай, жөн білмес екенсің!" деді. Қобдырап жүріп жаңа апамның бастың жігін салып берген кісіге ұстатасың деп берген ақ матаға оралған "жолдықты"  ұмытып барады екем. Қолына ұстата салдым да, табалдырықтан сүріне қабына аттап, тайып тұрдым.

 

Жолай көрші келіншектердің неге менімен бірге жүрмегенін ойладым. Әлгі қатындар айтып жүрген қыз-қырқынға тісін батырып қалған "қасқыр кемпір" осы болғаны ғой))

 

 

 

 Гүлден Әбдібақыт

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3220    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 17:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан 2021
    Бәукеш алған бас бәйге
    8 Желтоқсан 2021
    Ал өлмей қалсаң ше?
    27 Қараша 2021
    Оқтау тақтай
    27 Қазан 2021
    ТОҚАЛ
    22 Қыркүйек 2021
    Қорқамын әйелдерден
    14 Қыркүйек 2021
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек 2021
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз 2021
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір 2021
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз 2021
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз 2021
    ТАСБАҚА ҰША МА?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31