Күйеуге тиіп, не за что қатын болып кеттік қой!

27 қыркүйек 2022, 16:00

ҚЫЗ КЕЗІМІЗДЕ БӘРІМІЗ БАТЫР БОЛҒАНБЫЗ

 

Сіңлілерім ақылшы болып кетіпті. Анау-мынау емес, отбасылық мəселелердің шешілуі жөніндегі теп-тегін ақылдар. Көзім жыпылық-жыпылық етіп, тыңдап отырмын. Егер айтқандарын істесем, «Бес баланы қарасаң да қарайсың, қарамасаң да қарайсың» - деп туыстарға апарып тастау керек екенмін. Күйеуді күліп тұрып бағындырып, оның тапқан табысына киініп, бетіме бес тонна бояуды жағып алып, аяғымнан тəпішкем түсіп қалғанша онда-мұнда қаңғыруым керек екен. Уот так, сіңлілерімнің ақылы.

 

«Ертең тұрмысқа шыққанда, əуселелеріңді көрермін», - деп мен отырмын іштей. Бірнеше балалы болған соң,  жайып жүрген жалбыр шаштарыңның қай жерде қалып кеткенін білмей қаларсыңдар, түге! Əр бала туған сайын, бірнеше тісті «Таудай бол!» деп жан-жақа лақтырасыңдар əлі. Қыз кезімізде бəріміз батыр болғанбыз. Күйеуге тиіп, не за что қатын болып кеттік қой!

 

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақасынан