Өмір-юмор!

...Қыс құтырмай, сен құлпырмай, тыныш сыйысып жата тұрыңдар, ок?

  • ...Қыс құтырмай, сен құлпырмай, тыныш сыйысып жата тұрыңдар, ок?

    ...Қыс құтырмай, сен құлпырмай, тыныш сыйысып жата тұрыңдар, ок?

- Дүк. Дүк. Дүк
- Кім бұл?
- Көктеммін
- Көкем-ау ...
- Көктем-ау де
- Көктем-ау, ерте емес пе?
- Қалай ерте? Міне, сағатты қара &ndash 01.03.21. 00.00.
- А, келдің екен &ndash жылуың қайда, жылымығың қайда, жауқазындарың ...
- Болады. Болады. Бәрі болады!
- Бәрің уәде бергішсіңдер, әйтеуір
- Енді өздерің уәде алғышсыңдар
- Ладны, енді, кірсең, кірші
- Өй, мен бірден кірмеймін ...!
- Мә, неге?
- Енді, сондаймын, енді ...
- Көкем-ай
- Көктем-ай де
- Көктем-ай, не әрі, не бері өтсеңші. Үйге салқын кіріп, қақап кетті ғой-түге
- Мә, мені құшақтап қуанып қарсы алады десем ...
- Қуанып тұрмын, бірақ есік алдында тұрамын деп қатып қалдым деймін
- ...
- Кірші, мына жерге отыра тұршы
- Мә, мынау кім жатқан?!
- Қыс қой
- Өй, ол мен келгенде не ғып жатыр шықпай?
- Не қыласың енді ... Үйде ғана емес, елде де солай ғой, біреуі келсе де, келесісі бірден кете қоймайды ...
- ыммм
- Сөйтші, көкем, кел жата тұршы
- Көктем де
- Иә, көктем ...
- Жақсы, тек мына қыс тыныш жатсын
- Иә, көк ...тем, қыс құтырмай, сен құлпырмай, тыныш сыйысып жата тұрыңдар, ок?
- Мә, мұздай ғой, мынауың!
- Енді шал ғой
- Және бұл қарап жатпай, өзінше «көкем» дей ме, «көктем» дей ме, бірдеңе дейді ғой. Мен оған не дейін?
- «Қыс» де

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1911    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 00:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан 2021
    Бәукеш алған бас бәйге
    8 Желтоқсан 2021
    Ал өлмей қалсаң ше?
    27 Қараша 2021
    Оқтау тақтай
    27 Қазан 2021
    ТОҚАЛ
    22 Қыркүйек 2021
    Қорқамын әйелдерден
    14 Қыркүйек 2021
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек 2021
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз 2021
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір 2021
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз 2021
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз 2021
    ТАСБАҚА ҰША МА?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31