Маған бата берген жігіт расымен қиналып отырғанын енді түсіндім

16 қараша 2021, 16:53

ҚАБЫЛ БОЛҒАН БАТА …
Бүгін шаруаларым “Азия Парк” ойын-сауық кешенінде болды. Кездесулер, көлік жуу, тамақ ішу дегендей. Сөйтіп екі кездесудің арасында 3-ші қабаттағы дәретханаға кіріп, қолымды жуып шығып бара жатсам: “Бауырым! Қағаз беріп жіберші!” деген дауыстан селк еттім. Дауыс кабинкадан шығып жатыр. Бір қап салфеткаларды алып, кабинканың үстінен бере салдым. “Екі дүниеде бақытты бол бауырым!” деген жауап естілгенде, сасқанымнан бетімді сипап жібердім.
Сіздерге өтірік, маған шын. Дәретханадағы батадан 2 сағат өтпей, бастығымнан мақтау естідім, қарызымды қайтармаған адам қарызын қайтарды, ескі джинсыдың қалтасынан 10.000тг тауып алдым и плюс ПЦР “отрицательно” келді.
Адам шын жүрегімен жақсылық тілесе, орындалатын сияқты. Маған бата берген жігіт расымен қиналып отырғанын енді түсіндім. Жақсы сөзді шын жүрекпен айтайық, Ағайын!

facebook.com парақшасынан