Өмір-юмор!

"Менімен жағаласып мынауың не? Бір үйге - бір ұры жетеді ғой"- депті

  • "Менімен жағаласып мынауың не? Бір үйге - бір ұры жетеді ғой"- депті

Ауылда атышулы ұры болды. Осында ауылдастарым отырғандықтан атын атамай-ақ қояйын, ұят болар.)) Ең қызығы, әлігі ұрының иті де баукеспе ұры! Қаппайды. Үрмейді. Күндіз үйінің маңайынан аттап баспайды. Жорығын тек түнде жасайды. Ауылда кімнің ұрлауға татырлық заты іліксе - үйіне тасыйды. Бәтима апаның есік алдында қаңтарулы тұрған самаурынын тісімен қалай әкеткен жұмбағының шешімін тапқан жан болмады. Ораза кезінде көршісі "ауызашарда абырой болсын" деп қысқы соғымнан ұнға сап сақтаған етін шығарып, шүберекке түйіп, ұны желмен қағылсын деп сырттағы биік шегеге іледі де күйеуі екеуі ауызашарға кетеді. Ауылдағы ауызашар тойдан кем емес. Қарны тойған ауылдастар еркегі бір бөлме, әйелі бір бөлмеге топталып әңгімені кейде сәреге дейін соғады. Әлігі етін ілген әйел түн жарымында келіп қараса, еті ызым-қайым жоқ дейді. Қыстай сақтаған еңбегі еш болғанына ойбай салады. Күйеуі еш ойланбастан "дәу де болса ұрының иті тартып кетті, үйіне барайық" дейді. Екеуі ұшып ұрының үйіне келеді. Осы жерде қоса кететін қызық мәселе - ұрының әулісінде үлкен сәкі бар. Иті таң атқанша жортып, тапқанын сәкінің үстіне қалайды. Тура дүкен дерсің?)) Қызығы сол, заты ұрланғандар келіп, сәкідегі қаланғандардың арасынан өзінікін танып әкетіп жатады. Ұрының әйелі өте жақсы апа болатын. "Сенің ұрлығың аздай, итің де ұры. Құрт көзін!"-десе, ұры күйеуі "менің құтым осы итке байланған"-деп, көнбейді екен. Әлқисса, ерлі-зайыпты өкпесін қолға алып жүгіріп келсе, ет түйілген шүберек сәкінің үстінде жатыр дейді. У-шуға апа шығады. Мән-жайды түсініп, көршіден кешірім сұрап, мұрты бұзылмаған етін қайтарады. Ұры иттің бір қасиеті - ұрлаған тамағын ешқашан жемейтін. Іздеген жан налымастан өз жоғалғанын аман алып кететіні үшін де апа ұры итіне тиіспесе керек. Ұры көке ораза тұтпай, арақ ішетін. Салынып емес, жолымен дегендей. Тап сол күні ұры сыбайластарымен "өз ауызашарын" жасап, қызу көңілмен келе жатып әлігі мәселенің үстінен түседі. Көршілері кеткен соң "пешенеме сен аздай итті де ұры қылған құдайға не жаздым" деп, байғұс апа жылайды. Сөйтсе ұры итін алдына тұрғызып алып:"Әй, нәлеті... Менімен жағаласып мынауың не? Бір үйге - бір ұры жетеді ғой"- депті. "Сені адам деп жүрген мен ақымақ"- деп түңілген апа қолын бір сілтепті.

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3520    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 10:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:36
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз, 08:56
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз, 23:14
    «ТОЛҒАҚ ҚЫСҚАН» ЖІГІТ
    28 Наурыз, 22:59
    ТАСБАҚА ҰША МА?
    22 Ақпан, 17:45
    КІМНІҢ ҚАТЫНЫСЫҢ?
    20 Ақпан, 18:07
    ШЫМКЕНТТІКІСІЗ БЕ?
    13 Ақпан, 21:26
    24 САҒАТ ...
    13 Ақпан, 14:39
    ҚАРАБЕТ.КЗ...
    24 Қаңтар, 22:52
    БАЛАНЫҢ ОЙЫ
    24 Қаңтар, 22:33
    АТА-ЕНЕНІҢ АРМАНЫ
    24 Қаңтар, 22:19
    КЕЙ КЕЛІННІҢ АРМАНЫ
    20 Қаңтар, 16:27
    «АҚЫМАҚ» АУЫЗДАР
    20 Қаңтар, 14:13
    Қазақы қалжың

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31