Миниі жарты метр болса, одан үлкені...

04 наурыз 2022, 20:11

Басқа-басқа,  осы қазекемнің бизнес пен кәсіп ашуынан қорқамын.  "Қолынан келмейді"  деп емес,  кеңдіген қорқамын ғой!  Көп мысалды мылжымай, бір ғана мысал айта кетейінші. Бағана лаваш жей қояйын деп,  сондай бір хананың біріне соққанмын. Лавашшы өзіміздің қазақ жігіті екен.

 

"Мини мен кәдімгі үлкен лаваш бар,  бағасы да өзіне сай, бірі арзан, бірі қымбат"  деген соң,  қалтаның емес,  қарынның көлемін ойлап, сол миниіне тапсырыс бергенмін. Әдетте мини лаваштар ары кетсе 10 см -ден аспаушы еді.  Әлгің жарты метр семіз лавашты әдемі қағазға орап,  дәу пакетке салып,  бір штук емес,  бір бума салфеткасын қоса салып, қолыма ұстатқанда таң қалысымды жасыра алмадым.

 

Мынауыңыз шынымен мини лаваш па?

 

- иә өзіңіз айтқандай мини ғой-деп қояды.

 

-Миниі жарты метр болса,  одан үлкені бір метр болғаны ғой!  - деп топшыладым.

 

Былтыр да осындай бір қазақ жігіт лавашхана ашып,  бір лаваштың ішіне екі лаваштың дүниесін тығып,  онысы лавашына сыймай,  клиенттің қолынна аузы -мұрны толып,  жыртылып барып жетуші еді.

 

-Мына түріңізбен банкрот боласыз ғой!-деп күлгенмін. Сөйтсем, әлгіңнің мұнысы ни че екен.  Күнде балалары келіп лаваш жейді,  кешкісін үйіне тағы лаваш дайындап апарады,  туған-туысты тегін лавашпен сыйлайды,  көп өтпей  банкрот болып жабылып тыныпты.  Кеңдіктің арқасы ғой баяғы.  Негізі қазекеме не кеңдікті,  не кәсіпті екінің бірін таңдау керек қой деймін.

 

 

 

Салтанат Абылбекова

ФБ парақшасынан