Өмір-юмор!

МОЙЫНДАУ

  • МОЙЫНДАУ

    МОЙЫНДАУ

  • МОЙЫНДАУ

    МОЙЫНДАУ

  • МОЙЫНДАУ

    МОЙЫНДАУ

  • МОЙЫНДАУ

    МОЙЫНДАУ

МОЙЫНДАУ.
(Бұрын мойындаппын. Бүгін ФБ еске салған соң қайта салдым ортаға)

̶  Жүрген жеріңе шөп шықпағыр! Шөп шықса да көп шықпағыр, Бәкірбай! Басқан жерің ойылып кеткір, көзің мүлдем жойылып кеткір, Бәкірбай! Мезгілінен бұрын жер томпайтқыр, Бәкірбай! Тумай туа шөккір, өмірі жақсылық көрмей өткір! Басыңды камаз басып, беліңді трамбай турап кеткір, тірі жүргенше қурап кеткір, Бәкірбай, қайда жүрсің?!
Бұл Гүлжапырақтың бір минөтте айтқандарынан үзінділер. Енді қайтсін, үш күн бұрын, таңмен төсегінен тұрып, елдің еркегі сияқты сүтке кеткен Бәкірбай ұшты-күйлі жоқтауы асып кеткен. Енді міне, үш күннен кейін дым болмағандай «Гүлжапырақ, бұл мен ғой» - деп, тілипонға қоңырау шалып, шатпақтап тұр. Күйіп кеткен ғой, Гүлекең.
̶  «Мен ғой» - дейді ғой... «Мен». Сен емес, мен «Менмін!» Сен құлға теңсің, қайыршы! Қайда жүрсің?! Осы сен сияқты туған қатынының құшағынан адасқан ақымаққа қай албастының етегі желп ете қалады екен? Көрсетші маған? Өзгенің әгәродын суарып, суалған кезіңде мен есіңе түстім бе? Айт, шапшаң!
̶  Түрмедемін...
̶  Қайда? Түрмеде? Лайламаған тұнығың қалмап еді, енді түрмені ластайын дедің бе?! «Түрмеде» - дейді ғой маған... Ойбай, түрмесі несі?! Оған қалай барып жүрсің? Тағы кіммен төбелестің? Ұрын барған жеріңнен байы үстіңнен түсті ме?!
̶  Жоқ, тыңдашы енді... сүтке барған жерімнен,.. таң атпай,.. ай-шайға қарамай мілітсә келді алып кетті...
̶  Содан?
̶  Содан, сол, отырғызды... «Не бүлдірдің? Ойлан!» - деді.
̶  Бүгінгінің мілітсасында да ес жоқ, сені ойландырған. Ми жоқ екенін білмеген ғой сенде! Содан?!
̶  Бір камерада мен сияқты басы салбыраған бес-алтау бар. «Мойындатады!» - дейді. «Нені?» - десем, «Бәрін» - дейді... «Қарсыласпа, мойында десе, мойындай сал» - дейді.
̶  Сен нені мойындайсың? Кісі тонамасаң, адам өлтірмесең, ұрлық жасамасаң... Қай бетіңмен, неңді мойындайсың?!
̶  Соны өзім де білмей, басым қатты... Тергеушіге барғанымда ол да маған «Мойындайсың ба?» - деп, жымиды. Жүзі жылы жігіт екен... Нұрланып тұр бет жүзі... «Мойында» десеңіз мойындайын. Бірақ, нені мойындайын?» - деп сұрадым.
̶  Соған миың жеткеніне тәуба! Сосын?
̶  Сосын, мойндайтын қылмыстардың тізімін көрсетті. Жақсыларын маған дейін кіргендер мойындап кетіпті, маған аз қалыпты. Оның үстіне бір, анандай, ауыз толтырып айтуға болмайтындары ғана қалыпты.
̶  О, олжадан он күн кеш туған сорлы! Мұнда да кеш қалдым десеңші!
̶  «Басеке, еркек деген атымыз бар. Ақыры мойындаған соң, нәрмәлный бірдеме жоқ па? Мынаны мойындағанымды жұрт естісе күледі ғой» - дедім. «Осының бір-екеуін мойындай салсаңшы, жазасы жеңіл ғой» - дейді маған. «Сен мені кім деп тұрсың?! Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін ақ саусағың мен емес, берсең нәрмәлнысын бер, әйтпесе басты қатырма!» - дедім!
̶  Ой, еркек! Содан?
̶  Ол лейтенант бала ойланып қалды. «Ұят болады, шырғым, жас бала екенсің, алдыңа күнде келіп жатқам жоқ, бір дұрысын тап! Досқа күлкі, дұшпанға таба қылма мені. Онсыз да былтыр әйелім Гүлжапырақ, көршінің сиыры бұзаулағанда әкесі мен екенімді мойындатып, көрші-қолаңға бір жыл жыр болғам. Мен енді кешегі Бәкірбай емеспін, дәстойный қылмыс болмаса, уақытты бекер өткізбе!» - дедім, төтесінен. «Түсі игіден түңілме» - деген, әлгі жігіт тағы да жымиды. Сосын, басқа пәпкі алып шықты. «Мынау сары майдай сақтап отырған, анау-мынауға көрсете бермейтін қылмыстар, аға, осыдан көріңіз» - деп, пәпкіні алдыма тастай салды. Ары-бері қарап отырып, «Әй, жығылсаң нардан жығыл!» - дедім де, «Оңтүстік Кәриаға Арал теңізін шелектеп сатып, тауысқан мен!» - деп мойындадым!
̶  ... не дейді?... Арал? ...
̶  Әлгі лейтенант жүгіріп барып капитан бастығын ертіп келді. «Шынымен осыны мойындайсың ба?» - дейді. «Өлләхи!» - дедім. Капитаны жылап жібере жаздады. Қуанғаннан ет асып, қуырдақ пісірді. Ертесі тағы шақырды. «Не болды?» - десем, «Тағы мойындайсың ба?» - деп тұр. Қарасам, кешегі лейтенантым капитан болыпты. Анау капитаны майыр болыпты. «Әкел! - дедім, - Сен сияқты жігіттер айтса неге мойындамасқа, не қалды?» - деп, пәпкені аударып отырып, «Бетпақ даладан Епиопиаға мөшектеп құм сатқанымды, Қарағандының көмірін Үндістанның қыздарына бояу үшін ытқытқанымды, Шәлкөденің жусанын жусатқанымды, Шудың шөбін қусатқанымды, Терісаққан өзенін Қытайға бұрып жібергенімді, Жаңа адым ауданын Мадагаскарға тығып жібергенімді, түйені түгімен, мәшинені жүгімен жұтқанымды» түгел мойындадым!
̶  ...???...
̶  Майыр мен капитан сандарын шапалақтап,балаша қуанды! Украйынның сығандар ансамблін алдырып, маған жеке кәнсерт қойып берді!
Камерадағылар ду қол соғып қарсы алды. Ортаға торт қойып, тойлап отырсақ, сыртқы есік қағылады. Маған Астанадан пәсілке келіпті. Ашсам, осы саған ызбандап тұрған тілипонды бір үлкен кісі сыйға беріп жіберіпті! Қолға алуым мұң екен, шыр ете қалды! «Әлиоу!» - деймін, «Бәкірбайсыз ба?» - дейді. «Иә» - деймін. «Қазір Сізбен Көктіреу аға сөйлеседі» - деді. Ар жақтан еңіреп отырған еркек сөйлесті. Даусынан білініп тұр, өкісігін баса алмай отыр. «Айналайын-ай, көсегең көгергір сені бұрыннан қалай байқамай жүрмін» - дейді еңіреп. Айтпақшы, Гүлеке, терезеден қарай салшы, есіктің алдында қара джип тұр ма?
̶  Қара джип? Қазір ... иә, тұр???
̶  Жүк басатын камаз тұр ма?
̶  Тұр?... иә...
̶  Маладес! Джип менікі! Ал, анау камазға тиеліңдер, төмен жақтан жоғарыға, Алматының тау жағына, кәтежге көшеміз. «Астанаға келмейсің бе?» - деп сұрап еді, «Ауа райы жақпайды, Алматы дұрыс» - дегем, «Көш» - деді ғой... андағы хрушебскиді Астанаға, төрт бөлмеліге ауыстырады. Кенжең оқу бітірсе, сонда жұмыс істейді.
̶  Жа... жа... жаным, Бәкірба-а-а-ай...
̶  Түнімен тілипонға маза жоқ, «Маладес! Үй, еркек!» -дей ма ау, «Үйге келіп, қонақ болыңыз шыққан соң» - деп екі банктің бастығы шақырды. Әкім, министр дегендерің өшіретке тұрып, келіп-кетіп жатыр. Әуелі шет елден де ызбандап жатыр! Қызымыз Әмрикада тегін оқитын болды, құдай қаласа! Баланың кредиты түгел төленеді бүгін!
̶  Кү... кү... күнім, Бә-ә-ә-к...
̶  Қой, жылама, Гүлеке! Біраз отырып, шығасың деді маған. Шаруамыз шешіліп жатса отырмай не бопты?
̶  ...о... о... отыра бер...отыр десе... не ғой,.. ыстық тамақ бере ме екен?
̶  Ой, тамақ жетеді! Тікелей рестораннан тасып жатыр! Айтпақшы, қызыл балық дегеніңді бүгін бірінші рет жеп көрдім! Нешеуа екен былай... Ертемен тергеуге тағы шақырды. Каптианым майыр, майырым пәдпәлкобник болыпты! Жымың-жымың етеді. Самаурынмен шай іштік үшеуміз. Сосын әлгі пәпкіні тағы да ақтарып отырып, «Әли бабаны қырық қарақшысымен қырып салған мен!» - деп, мойындай салдым! Екеуі бірден Астанаға ұшып кетті! ... Гүлеке, жылама деймін, мен саған. Бәрі жақсы болады. Айтып едім ғой мен «Момынның ісін құдай жөндейді!» - деп. Анам көп айтатын сол сөзді. Сен ұрсатынсың. Әне, көрдің бе, жөнделіп жатыр, бұйырса!... О, маған Көлдария облысың әкімі келді дейді. «Түсте тамақ алып барам, бір өтінішім бар, қабылдаңызшы» - деген, мен барайын, ұят болар. Сен, жылай берме, жүгіңе ие бол, кәтежге көше бер, мен де барып қалармын... дабай!
̶  Көсегең көгергір, Бәкірбай! Сені маған қосқан құдайдан айналдым! Отыз ұлың болғанша... Мына көршінің қатындары мазақтап күлуші еді, енді қайтер екен... Айттым ғой менің Бәкірбайым түбі тесіп шығады деп!..
Бұл Гүлжапырақтың жүк жинап жүргендегі сөздерінен үзінді. Енді қайтсін!

Асқар Наймантаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2220    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 08:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:36
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз, 08:56
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз, 23:14
    «ТОЛҒАҚ ҚЫСҚАН» ЖІГІТ
    28 Наурыз, 22:59
    ТАСБАҚА ҰША МА?
    22 Ақпан, 17:45
    КІМНІҢ ҚАТЫНЫСЫҢ?
    20 Ақпан, 18:07
    ШЫМКЕНТТІКІСІЗ БЕ?
    13 Ақпан, 21:26
    24 САҒАТ ...
    13 Ақпан, 14:39
    ҚАРАБЕТ.КЗ...
    24 Қаңтар, 22:52
    БАЛАНЫҢ ОЙЫ
    24 Қаңтар, 22:33
    АТА-ЕНЕНІҢ АРМАНЫ
    24 Қаңтар, 22:19
    КЕЙ КЕЛІННІҢ АРМАНЫ
    20 Қаңтар, 16:27
    «АҚЫМАҚ» АУЫЗДАР
    20 Қаңтар, 14:13
    Қазақы қалжың

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30