Не дейін, тыр жалаңаш күндерде аман-есен жүздескенше!

23 мамыр 2021, 14:22

"Ауылда сегізге келгенше тыр жалаңаш жүре беретін едік" ©
Әжетхана алғаш рет ақылы болған кез есімде. Бұдан асқан қорлық, масқара болған жоқ. Меніңше, ол кезде жұртты ашындырған - әжеттің бағасынан бұрын, дәрет сындыруды ауа сияқты - адам баласының тегін хақы деген ұғым болса керек. Сондықтан, принципке барғандар базардың бір түкпіріне барып кіштеп келіп, шекерін әрі қарай сата беретін (шайымды әлдеқашан ішіп алғанмын, ұшық шығып кетсе - ғафу).
Бес тиын сосын он тиын болды, сосын он бес болды. Қызығы - адамдардың санасының сынуын бақылау еді. Бас-аяғы бес-алты жылда халық әжетханаға ақша төлеуді кәдімгі құбылыс ретінде қабылдап бітті. Тулады, қарғады, есік алдында ақша алып отыратын тәтелермен төбелесті, бірақ көнді.
Енді қазір, адамдардың әлеуметтік желіге тырдай жалаңаш фотосын салуды үйреншікті іс қылуға қанша уақыт кететінін болжап жүрмін. Неге екенін білмеймін, бұл іс 22 жылда кәдімгі құбылыс болатын сияқты. Қазір бейсана деңгейде ұяңдықпен күрес жүріп жатыр. Көп адам өзінің дене тұрқының хас сұлулықтан әлі де алыс екенін сезбейді. Не дейін, тыр жалаңаш күндерде аман-есен жүздескенше! "Ол күнді көрмей өліп кетсем" деп армандайтындар болатынын білемін, ондайларға ажалдың жеңілін берсін енді, әххәхәхәхәхәхәә.

www.facebook.com