Оларға сенің кім екенің бес тиын

19 қазан 2021, 17:47

Ауылдың кісілерінің тойына бардым. Рахат! Ешкім жырпылдап фотоға түсіп жатқан жоқ. Сториз түсіріп, жанын жеп жүрген жан жоқ. Тамақ ішейін десең, қасыңа кеп қыстырылып, басын түйістіре қап суретке түсетін адам мұлде жоқ. Оларға сенің кім екенің бес тиын. Өз қызықтары өздерінде. Кімнің инстаграмынан жырпың етіп шыға келем (неважный түрмен) деп сен де уайымдамайсың. Суретсіз-ақ беймарал билеп, алаңсыз тоя тамақ жеп, толтыра тойбастар алып, рахаттанып қайттық, ал!

facebook.com парақшасынан